Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында "Самалтау" әнін шырқады (видео)
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шарасына қатысты. Онда ол халық әні «Самалтауды» орындады.
 
Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы &ndash Sister Cities International ұйымы өткізді.
 
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті. Бұл туралы dimashnews.com сайтында хабарланды.
 
Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі. Олардың арасында губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.
 
Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады. Бұл АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығын ашатын іс-шарада Sister Cities International мен АҚШ және Қазақстан қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет әртіс қатысқан кез болды.
 
Бұл тұрғыда Димаш Құдайберген SCI өкілдеріне шақырғандары үшін алғысын білдірді.
 
Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті.
 
Мұның бәрі президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады.
 
Сонымен қатар, Димаштың 20 қаңтарда Sister Cities International ресми сайтында тағы бір ән орындауы көрсетілетіндігі жарияланды.
 
Ғажайып дауысты әншінің ән шырқаған сәтін видеоның 10:45 минутынан бастап көрсеңіздер болады.
 
 
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуында өнер көрсететіні туралы қаңтар айының басында белгілі болды.