"Димаш болғым келеді". Желі қолданушыларын таңғалдырған зағип бала кім?

"Димаш болғым келеді". Желі қолданушыларын таңғалдырған зағип бала кім?

 "Қарғам-ау қайдан келдің, қайдан көрдім, Ақ үрпек балапаны сайран көлдің" деп домбырамен жайлауда ән шырқаған жас баланың даусына желідегі жұрт таңғалып жатыр. Tengrinews.kz. тілшісі әнші баланың кім екенін анықтады.

Жас әнші - Өріс Төлегенұлы. Қазір Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы жайлауда болғандықтан өзімен сөйлесе алмадық. Алайда әннің авторы Халық Ризабек арқылы оның ұстазы Мырзатай Бексұлтанмен тілдестік. Ол да оңай болған жоқ, себебі Қытай Халық Республикасындағы азаматтармен тек WeChat (қытайлық мессенджер) арқылы сөйлесуге болады. Сондықтан Нұр-Сұлтандағы ҚХР елшілігінің қызметкерлерінің көмегімен сұхбаттастық

Өзін "Өріс Төлегенұлының өнердегі ағасы, өмірдегі ұстазы Мырзатай Бексұлтан боламын" деп таныстырған мұғалім жас әнші туралы айтып берді.

Өріс 13 жаста, ата-анасы малшы

Өріс Iле облысына қарасты Нылқы ауданының Қаратөбе аулы Қараой қыстағында дүниеге келген. 13 жаста. Отбасында 5 жан бар: екі ағасы және ата-анасы. Әкесі - Төлеген Қайнашұлы, анасы - Күлiмхан Райымбекқызы. Екi ағасының бiреуi орта мектепте оқиды, бiреуi жоғары мектепке аттанған. Ал ата-анасы - малшы.

Өріс бір жас кезінде көзіне ақ түскен, отаға кеш қалған

Музыкалық білімдi қалай үйренді десеңіздер, Өріс 3 жасынан бастап, әнге, музыкаға қызыға бастаған. Бәрін де радиодан, теледидардан тыңдап, бiлiп үйренген. Ал не үшін көрмейдi десеңіз, Өріс бір жасында көзіне ақ түсу себебінен екі көзі бiрдей көрмей қалған. Дауа алуға отбасы жағдайымен уақыт өткiзiп алған. Соңғы жылдары осы облыстағы үлкен емханаларға алып келiп көрсеткен, операция жасаймыз деген. Бірақ жүзде-жүз сақаюына кепілдік бере алмаған. Сосын операция тоқтап тұр.

Сабағынан қалмайды

Өрістің сабағына келсек, сол ауылдағы орта мектепте оқиды. Сабақтан қалып көрген емес. Сабақта жақсы.

Бірнеше аспапта ойнайды, шет тілдерін меңгергісі келеді

Өріс ән айтудан сырт, домбыра, гитара, электрондық рояль және үрмелі аспаптарды - осыларды үйреніп жатыр. Өзінің айтып жүрген әндерін домбырамен, осы аспаптармен шерте біледі. Өрістің жақсы көретін әндері көп, яғни Димаш сияқты. Халық әнін де, эстрада әнін де, басқа шетел әндерін де үйренгісі келеді. Осы әннен басқа қызығушылығы - шет тілдерді меңгергісі келеді.

"Мен Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді"

Болашақта кім болғың келеді деген сұраққа Өрістің өзі "Мен Димаш ағам сияқты әнші болғым келеді, Димаш болғым келеді" дейді. Мықты әнші боларына көзіміз жетеді. Ал енді қазақтың әндерінен қандай әндерді жақсы көреді, айтады десеңіздер, Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақ аталарымыздың әндерін ұнатып, тыңдайды. Орындағысы келеді.

Конкурстардың жеңімпазы

2018 жылы Шыңжанда ұйымдастырылған балалар арасындағы ән жарысында бірінші орын алды. Іле облысында балаларға арналған жарыста да бірінші орын алған.

Қазақстанда жоғары білім алғысы келеді

Қазақстанға келгісі келеді. Болашақта жоғары білімін Қазақстанда алуды армандайды.

Әннің сөзін жазған Несіпбек Айтұлы "Өнерде шекара жоқ" деген атаумен Facebook желісінде пост жазып, баланың өнеріне сүйсінді.

"Көбіне композиторлар музыкасын шығарады, содан соң соған өлең жазамыз ғой. Солай осыдан 1-2 жыл бұрын Халық Ризабек бауырым "аға, әнге сөз жазып беріңіз" деп келді. 4-5 күн бірге жүріп, сөзін жаздым. Ол домбырамен музыкасын тартты, мен сөзін жаздым. Осылай ән болып шықты... Иә, әнді керемет орындаған Өріс деген баланы көрдім, қуанып қалдым. Тамаша орындайды, талант", - деді Несіпбек Айтұлы.

Tengrinews.kz.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста