Димаш Құдайберген бала кезіндегі суретті жариялап, табынушыларын тәнті етті (фото)
Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасына балалық шағында ата-анасымен түскен отбасылық мұрағаттағы суретін жариялады. Жас әншінің әкесіне қатты ұқсайтынын байқаған желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмаған деп жазады NUR.KZ.
Әнші өзінің парақшасында ата-анасымен түскен балалық шағының суретін салып, астына "Қазанбас" деп жазып қойған.
Бір сағаттың ішінде бұл пост мыңнан аса лайк жинап, табынушылары оған пікірлер мен мақтаулар жаудырған.
"Әкеңе ұқсайсың", "Басы үлкен, миы көп", "Саған бәрі жарасады!!! Сымбатты жігіт! Сені жақсы көреміз, бағалаймыз, мақтан тұтамыз! Әлемді бағындыр!", "Анаң әдемі екен", "Димаш ата-анаң әдемі екен. Өзің де сондайсың", "Қандай тәтті бала! Елжіреп кеттім ғой. Ата-анаң да әдемі екен", "Бала кезде бәрі қазанбас болады", - деп табынушылары пікірлер қалдырған.