Димаш "тұтас елді тізе бүктірдің" дегендерге жауап берді

Димаш "тұтас елді тізе бүктірдің" дегендерге жауап берді

Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенов "Россия" арнасындағы  "Привет, Андрей" бағдарламасына байланысты отандастарының сынына жауап берді.

 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 

"Қымбатты достар! Кеше "Россия" арнасынан көрсетілген "Привет, Андрей" бағдарламасын көрген боларсыздар. Эфирде мен үшін маңызды, бірақ кішкене айтқан сөзім бар еді. Мен өз отанымды жақсы көретінімді, жерлестерімді жақсы көретінімді айтқан болатынмын. Бірақ, 2013 жылы "Саз әлемі" жобасындағы жағдай қазақ халқының маған деген қарым қатынасы деген сөз емес. Мен 2013 жылы осы бағдарламаға дейін дәл осылай ән шырқадым және халықаралық байқауларда жеңіске жеттім, мен өз қалауым бойынша ән айта беремін және өз жұмысымды өзім қалағандай жасаймын. Менің ата-анам, туыстарым, достарым бар, олар маған бәрінде көмектеседі. Бірақ қазіргі менің осы дәрежеге жеткенім Қазақстанның арқасында. Мен Қазақстанда өстім, қазақ тағамдарын жедім, қазақ вокал мұғалімінен оқыдым, мен қазақ отбасында өстім. Мені алға жетелейтін басты ынталандыруым - бұл менің ұлтым және менің елім! Америка немесе Қытай болсын, менің мансабым қарқын ала бастаған халықаралық жарыстарға мен жалғыз ғана ниетпен бардым - өз еліміздің абыройын асқақтату. 2013 жылғы видеоға байланысты, шыны керек ол видеоны көремін деген ой болған жоқ, өйткені, оны ұмытып кеткенмін. Оларға өкпелі екенімді, ресейлік әріптестерімнің алдында отандастарымды қорғамадым деген нәрсе болған емес. Отандастырып қорғап, сөйлеген сөзімді эфирден көрсетпеген екен. Құрметті достар, бұрынғы видеоны жіберуді доғарсаңыздар. Қанша жыл өтсе де, адамдар ол видеоны талқылауды доғарар емес. Бала кезімнен мен сынға дайын болдым, объективті болсын, объективті емес болсын, менің ар-намысыма тию өте қиын. Сол видеодағы адамдарға көп жаман сөздер айтылып жатыр. Әркімнің өз пікірі бар, олардың пікірі өзгерсін, өзгермесін бәрі артта қалды. Әркімнің өз отбасы, балалары бар, меніңше, олар әрдайым адамдардан ауыр сөздер айтқанды ұнатпайды.  Әрбір елде осы видео туралы айтқанды өзім де ұнатпаймын. Болған нәрсе, болды. Өз басым бұны бұрында ұмытқанмын. Қазіргі қиын жағдайда біз-бірімізді қолдауымыз керек. Ешкімді ренжітпейік", - деп сөзін аяқтады Димаш Құдайбергенов.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, белгілі журналист Перизат Мырзахмет Димашқа реніжін жеткізіп, "Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің", - деп Димаш Құдайбергенді сынға алған болатын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста