Димаштың бейтаныс арумен қол ұстасып түскен суреті қызу талқылануда
Қазақстан атын күллі әлемге танытып жүрген ерекше дауысты Димаш Құдайберген өз жанкүйерлерін қызғандырып қойды. Өнер иесі белгісіз қыздың қолынан ұстап отырған фотосын жариялаймын деп, желіде сұрақтың астына қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
 
Димаш Құдайберген Instagram парақшасында бейтаныс қыздың суретін саламын деп қызу талқыға қалды. Суретте олардың қол ұстасып отырғанын көруге болады.
 
Желі қолданушылары белгісіз бойжеткеннің кім екенін анықтамақ болып, халықтың сүйікті әншісін бірден сұрақтың астына алды. Олар бетіне бетперде тағып алған аруды өнер иеінің ғашығы болуы мүмкін екенін де болжады.
 
 "Бұл кім?" , "Димаш қорқытпашы" , "Қызғанып отырмын сені" , "Кім мына қыз? Жауап керек бізге" , "Баша жанкүйерлерін қазір таңғалып отыр" , "Бұл жұмбақ қыз саған кім болып келеді? Барлығын қызықтырып отырған сұрақ осы" , "Әскери құпия болмаса ашсаңызшы. Кім болып келеді бұл ару сізге" , "Қолын ұстап отырғанына қарағанда сүйіктісі шығар" , "Қол ұстасып алыпты екеуі. Меніңше, Димаштың ғашығы" , "Димаш халық білгісі келіп отыр. Тезірек жауап бергенің жөн" , - деп жазды олар.
 
Алайда, Димаш Құдайбергеннің өзі бойжеткенге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Ол әзірге үнсіздік сақтап отыр.