Димаштың бейтаныс бойжеткенмен түскен сезімге толы суреті елді елең еткізді
Димаш Құдайберген Instagram-да көзін жұмып, бір қызбен басын түйістірген суретін жариялады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.
Суреттегі қыз Димашпен мұрнын түйістіріп, алақанын бетіне қойған.
- Өте талантты жұмыс. Барлығыңыздың күндеріңіз жақсы өтсін, - деп жазған бұл сурет астына Димаштың өзі.
Әншінің парақшасына тіркелуші оқырмандар суреттегі қыз шынымен де Димаштың қалыңдығы болуы мүмкін деп топшылайды.
ФОТО: www.instagram.com/p/CEQjtTwA6rV/
BaigeNews.kz порталына DimashNews баспасөз қызметі бұл әншінің творчествасынан шабыт алған суретшінің майлы бояумен салған суреті екенін жеткізді.
- Оны Димаштың "Аққуым" әнінен шабыт алған жанкүйерлердің бірі - суретші Элла де Грейс салған. Суретте осы әннің бейнебаянынан үзінді сипатталған, - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.