Димаштың костюмі – 600 мың, Головкиннің қолғабы – 1 млн 200 мың теңге...
Тағы бір боксшымыз Қанат Исламның қолтаңбасы қойылған былғары қолғабы 50 мың теңгеге және Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы қойылған қолғабы 60 мың теңгеге сатылды. Одан бөлек, суда жүзуші Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі 40 мың теңгеге бағаланды.
«Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі аясында өткен қайырымдылық аукционында әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі 600 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жыл сайын өтетін «Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде кәсіби және әуесқой велошабандоздар өзара жарысса, екінші кезеңде қайырымдылық аукционы ұйымдастырылады.
Биылғы аукционда жас әнші Димаш Құдайбергеннің 17 жасында үлкен сахнаға киіп шыққан костюмі сатылымға қойылды. Костюмнің алғашқы бағасы 200 мың теңгеден басталып, нәтижесінде 600 мың теңгеге сатылды.
Сондай-ақ, аукционда қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы 1 млн 200 мың теңгеге, тағы бір боксшымыз Қанат Исламның қолтаңбасы қойылған былғары қолғабы 50 мың теңгеге және Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы қойылған қолғабы 60 мың теңгеге сатылды. Одан бөлек, суда жүзуші Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі 40 мың теңгеге бағаланды.
Аталған шараның басты ерекшелігі сол, одан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.