Дина Төлепберген бірге тұрып жатқан қайын ата мен келіннің оқиғасы жайлы: Көрсетілмеген деректер қаншама
Түркістандық қайын ата мен келіннің оқиғасы көптің қызу талқысына түсті. Халық келінді, оған келіні ретінде қарай алмаған қайын атаны кінәлады. Тіпті бұл мәселені қоғамға жария еткен бағдарлама қызметкерлеріне айып тақты. Оқиғаға қатысты Дина Төлепберген пікір білдірді.
"Жалпақ жұрттың жағасын ұстатқан қайын ата мен келіннің былығы бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Үш күннен бері редакциямызға толассыз хаттар мен сансыз қоңыраулар түсіп жатыр. Бірі туған перзентінің төсегін былғап, келінін арбаған атаны кінәласа, енді бірі шала шалды азғырған арсыз келіннің кесірі дейді.
 
Әсияның екі ұлы да Рүстемнен болып шықты. Құдайға шүкір! ДНК сараптасының дәл осындай болуын Сіз де тілеген шығарсыз. Мен де тіледім.
Олардың ендігі тағдырының не болары белгісіз. Анығы сол - жергілікті биліктің бейжай қарап отыруына болмайды. "Рухани орда" деген аты бар Түркістанның бұл тұрғындарына рухани көмек керек", - деп жазды Төлепберген.
Тележүргізушінің пікірінше, бұл оқиға жергілікті биліктің назарында болуы керек. Ал Әсияға психологиялық көмек керек. 
"Бұл тақырып жайлы менің білетінім де, айтарым да көп. Көрсетілген һәм көрсетілмеген деректер қаншама. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Әзірге мынаны естен шығармайық:
Қайын ата келініне қабақ шытпайтын. Келіні тіпті атасының көзіне тік қарамайтын. Енесі жаңа түскен келінге тәлім беріп, жолдасы жарына қолғабыс болатын.Туыстық қатынастың алды да арты да таза болсын, ағайын!", - деп жазды ол. 
Желі қолданушыларының басым көпшілігі қайын атаны да, келінді де айыптау керек деген пікірде. 
Мұхтар Әуезовтың " Абай жолы" романында Қодар мен Қамқаның яғни ата мен келіннің төсек арасындағы жақындастығын ұрпаққа үлгі болмас үшін дер кезінде дарға асып өлтіруі бүгінгі қоғам үшін дұрыс қабылданған шешім еді. Мына бір оқиғаны көріп отырып бір сұмдықты көргенде немен аяқталар екен деген ойда қалдым. Бұндай азғындыққа барған қайын ата мен келінді елден аластату керек сияқты. Ұрпағымыз болашақта осы бір жайтты қайталамас үшін. Басынан қандай жағдай өтпесін бұндай сұмдыққа бармау керек еді".
"Дина, арзандатылып кеттіпсіз!!! Өзіңіз жиеркенішті болып кетіпсіз!!! Әдемі дөп сөйлеймін деп сөз байлығыңыз белден төмен тақырыптан шығалмай қапсыз! Қатқан боқты мыжып, өзіңіздің ойыңыз бұзылып кетіпті!".
"Бұндай нарсенің шығарудың қажеті жоқ.Өте ұят нарсе жастарға беретін тарбие жоқ!", "Дина ханым енді бұндай сорақы нәрселерлі көрсетпесеңіз", - деп жазды олар.
Әсия есімді келіншек қайын атасы Үсенмен 8 жылдан бері қатынаста болған. Күйеуі Рүстем бұл жайттан жақында ғана хабардар болғанын айтты. Алайда қайын атасы Үсен келіні өз еркімен келді деп ақталды. 
Айта кетейік, осы даулы оқиғадан соң желі қолданушлары мен қоғам белсенділері  "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жабуды талап етті. Олар "сексуалды әрі отбасылық сорақы мәселелерді елге жария ету ешқандай тәрбие бермейді" деп даурықты.