Дина Төлепберген кеудесін ашқан қызды не үшін қонақ қылғанын түсіндірді

Дина Төлепберген кеудесін ашқан қызды не үшін қонақ қылғанын түсіндірді

Отандық танымал тележүргізуші өзін Шырын Нарчаева мен Айжан Байзақова сынды желіде төсін айқара ашып танылған аруларды өз бағдарламасына шақырғаны үшін сынағандарға жауап берді. Дина Төлепберген қонақ ретінде атышулы аруларды не себепті таңдағанын түсіндірген деп жазады NUR.KZ.

Көпшілік әріптестері тарапынан сынға қалған Дина Төлепберген бұған қатысты өзінің Instagram парақшасына азулы жазба қалдырған.

"Айжан Байзақова, Шырын Нарчаева сынды Астарлы ақиқаттың қонақтарынан кейін мені сынап, тіпті жек көріп кеткені туралы жазып жатқан жандар аз емес. Олардың арасында әріптестерім де бар. Жүрегіме ауыр тиіп отыр. Бірақ менің ешкімге өкпем жоқ. Сірә, өзін ақтау үшін біреуді кемсітуден артық әдіс жоқ шығар.
Мен бұл тақырыпты қозғамайын деп едім. Бірақ бүгін кешке бір жағдай болды. Жаңалықтарды жүргізіп болып, үйіме жиналып жатыр едім. Бір қыз телефон шалды. Даусы дір –дір етеді. Қатты қобалжып тұрғанын сездім. Бірақ бар күш-жігерін жұдырыққа жинағандай боп, көкейін өртеп жатқан сұрағын қатал қойды: «Мен биыл мектеп бітіремін. Сіз сияқты журналист болуды бала кезден армандап жүріп едім. Бірақ бүгінгі Астарлы ақиқатты көріп, жылап отырмын. Неге олай жүргіздіңіз? Маған түсіндіре аласыз ба?»

Үнсіздік. Байланысты үзе салайын ба деп ойладым. Неге мен бейтаныс біреуге жауап беруім тиіс,ә? Бірақ өйте алмадым. Неге екенін білмеймін, түсіндірейін дедім. Ал тыңдаңыз:
«Мен журналистпін. Осы кәсіптің нанын жеп жүргеніме 18жылдан асып барады. Сіз үшін тап қазір надан болсам да, мен өз кәсібіме адалмын. «Журналисттік этика» нормасының негіздерін сақтау – парызым. Бұл дегеніміз не?

Ең бірінші, және ең басты принцип – журналист ешқашан өзінің эмоциясына жол бермеуі керек! 18жылдың ішінде мен бірнеше сұқбат алып үлгеріппін. Кейіпкерлерімнің арасында биліктегілер де, биліксіздер де, батырлар да, террористер де, қанды қол қылмыскерлер де, педофилдер де болды.
Бірақ мен ешқашан оларды бөліп қараған емеспін. Мен үшін олардың бәрі - адам. Дәрігер соғыс майданында жараланған сарбазды көріп, «сен фашистсің бе?» деп сұрап тұрмайды ғой. Сол сияқты журналист те. Әрине, жүрегім қан жылаған кездер болған. Әсіресе алдымда педофил отырғанда. Бірақ эмоцияма ерік берсем, айыптап, сөге берсем, сұқбат шығады ма? Ал менің парызым ақпарат алу емес пе?!

Кейіпкерімнің сөйлеуі үшін мен оны түсінуім керек. Өзімді оның орнына қоя білуім керек. Ол маған сену керек. Сана мен сезім құлпын ашуы керек. Қылмыскердің де қоғамға сабақ болар өз оқиғасы бар. Оны халыққа жеткізу - журналист ретінде маған жүктелген аманат. Мен әрдайым осы принциппен жұмыс істеймін" , - деп жазған журналист.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста