Динагүл Тасова: «Маған секс үшін ақша ұсынады»
Төсін айқара ашып, көпшіліктің қатал сынына ұшыраған жастар маслихатының экс-депутаты Динагүл Тасова кейбір «ағашкалардың» астарлап төсекке шақыратынын айтты.
28 жастағы модельге бір күні белгісіз нөмірден хабарлама түсіпті.
«Бір кісі менімен танысқысы, қаржылай көмектескісі келетінін жазды. Мен де дереу жеке шотымды жібердім. Көп узамай маған 1 миллион теңге түскені жайлы хабарлама келді. Қатты таң қалдым. Бірақ ақшасын өзіне қайтарып жібердім.
Мемлекеттік қызметте істеп жүргенімде сол жердегі әйелдер маған ақыл айта бастады. Ал ер адамдар кеудемді үлкейткеннен кейін менімен өте жақсы сөйлесетін болды.
Күні бүгінге дейін мені төсекке сүйреген адам болмады. Бірақ ақша ұсынып, секске шақырған «ағашкалар» жетіп артылады», – дейді Тасова NUR.KZ порталына берген сұхбатында.