Динара Сәтжан мен Қарақат Әбден шоқыну мерекесі күні өзен суына түсті
Тележүргізуші Динара Сәтжан мен ел президенті лауазымына кандидат болған Қарақат Әбден аязды күні арнайы ойылған ойықта суға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.
Видео Динара Сәтжанның Instagram парақшасында жарияланды. Кадрда екеуінің мұзды суға түскенін, ал Қарақат Әбденнің судан шыққан соң қарда жалаңаяқ жүргенін көруге болады.
«Қарақат Әбден – 23 жылдық тәжірибесі бар морж. Біз бүгін сұхбат ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Бұл күн 18 қаңтармен, яғни крещение іс-шарасымен тұспа-тұс келді. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Шынымды айтсам, маған ұнады. Контент үшін не істемейміз.
P.S.: ойыққа тек қауіпсіз және рұқсат етілген орындарда шомылу керек!» - деп жазды Сатжан.
Айта кетейік, 18-20 қаңтар күндері аралығында Астанада Православие шіркеулерінде крещение іс-шарасына орай жаппай шомылу рәсімі өтіп жатыр.