Директордың түбіне «Метранпаж» жете жаздады

Директордың түбіне «Метранпаж» жете жаздады

Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы драма теа­тры­ның әртістері А.В.Вам­пи­ловтың «Метранпаж» атты трагикомедиялық қойылымының пре­мьерасын жұрт­шы­лықтың назарына ұсын­ды. Елімізге танымал мә­дениет қайраткері, акт­ер Т.Жаманқұловтың ау­даруымен сахналанған туындының қоюшы режиссері – театрдың бас режиссері Елтай Кемал. Жастарды атаққұ­марлықтан арылтып, ақылға бой алдыртуларын көз­дейтін қойылым көрермендердің көңілінен толықтай шықты.
Бастан-аяқ күлкі-келемежден тұ­ра­тын қойылымның астарында ащы әзіл жатса да, бүгінгі ұрпақтың сана­сын сілкінтетін салмақты ой бар.
Назерке ЖЫЛМАҒАМБЕТОВА, көрермен:
– Керемет әсер алдым. Жалпы,  спек­такль жоғары дәрежеде өтті. «Ме­транпаж» деген бұған дейін естімеген сөздің  не  мағына білді­ретінін білдік. «Жастар театрға бар­­майды» деген сын көп  айты­лады. Ол негізі дұрыс емес. Қазіргі за­мандағы адам­дар өмірін шы­найы көрсететін  осындай қызықты қойылымдар жиi қойылса, көбірек насихатталса жастар театрға жиі барар еді.

Тақырыбының өзі түсініксіз қо­йы­лымды көрермендердің көбі пре­мьера аяқ­талғанша ұқпай дал болды. Бас­паханадағы әріп теруші қыз­мет­кердің осылай аталатынын автор шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы көрсетпек болған. Қарапайым ғана бір сөздің не екенін ұқпаған қыз­меткердің басшысынан қорыққаны сон­шалық, жағдайы жүрек талмасына дейін жеткені суреттелді.
Оқиға Мәскеуге іссапарға келіп, қо­нақүйге аялдаған қызуқанды жігіт пен көрші бөлмеге тұрақтаған бой­жет­кеннің арасында өрбиді. Теле­ди­дардан футбол тамашалаған мей­ман­ха­на қонағы бейтаныс қыз­дың бөл­­месіне кіріп барып, өз бөл­ме­сін­дегі электр желісінің істен шы­ғып қал­ғанын айтады. Көршісінің өтінішін жер­де қалдырғысы келмеген әлгі ару оған өзінің бөлмесінен футбол қарау­ға рұқсатын береді.
Осы кезде қонақүйдің иесі би­кеш­тің бөлмесіне кіріп, қонақүй ере­жесін бұзғандығын алға тартады. Сөз ара­сында әлгі қонақ жігіт өзінің ме­тран­паж болып жұмыс іс­тейтінін айтады. Сол кезде мұндай ма­мандықтың бар еке­нін бұрын-соң­ды естімеген қо­нақ­үй директоры есі шығып, бүкіл та­ны­сына қоңырау шал­са да, бұл қандай лауазым екені туралы ақпарат ала алмайды. Со­ңын­да ол метранпажды министрлікте қыз­мет істейтіндердің бірі екен деп топ­шылайды.
Сөйтсе бүкіл жұртты әбігерге сал­ған маман иесі жай қарапайым «әріп теруші» екен. Ал шығармада түсініксіз мамандық иесінен қорыққан қонақүй қожайынының әрекеті көрермендерді күлкіге көміп тастады.
Колошин рөлін сомдаған Әсет Ора­­залин, Потаповты бейнелеген Кеңес Кемелбаев, Виктория рөліндегі Айнагүл Өлмесекова секілді теа­тр­да­ғы танымал әртістердің шеберліктеріне жи­налған жұрт тәнті болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста