Домбыра туралы қызықты деректер

Домбыра туралы қызықты деректер

Қазақстандықтар 3 шілдеде Домбыра күнін атап өтеді. Ұлттық аспабымыздың төресі – домбырада ойнамайтын қазақ кемде-кем. Ал ол туралы қызықты деректер жетерлік.

10 мың домбырашы ойнаған күй  2010 жылы 30 мамыр күні Қытайдың Толы ауданында 10450 адам бір уақытта «Кеңес» күйін орындап, рекорд орнатты. Бұл жобаға қарапайым тұрғындар, жылқышылар мен егіншілер қатысқан. Бір қызығы, 10450 адамның ішінде 20-ға жуық басқа ұлт өкілі болған.

Ең кішкентай домбыра

Ең кішкентай домбыраны Болатбек Кәрімханұлы жасаған. Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм.

Электронды домбыра

Электронды домбыраның еліміз бойынша алғашқы түпнұсқасын Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары дайындаған.

Алтын домбыра

Бұл – кәдесый жасайтын швейцариялық компанияның өнімі. Алтыннан жасалған домбыраның құны 50 мың евроны құрайды. Оған 24 каратты гауһар тасы бар таза алтын пайдаланылған. Ұзындығы - 100 см, ені 25 см. Домбыра күнделікті қолдануға арналмаған, оның әуен ойнап беретін арнайы механизимі бар. Онда «Үшқоңыр» (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), «Желсіз түнде жарық ай» (Абай) мен «Аққу» (Сүгір) әндері ойнатылады. 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста