Домбырасын өртеп кеткен ақындар болды – Жүрсін Ерман
«Абайдың 45 сұрағына» Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жауап берді деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі.
 
Жүрсін Ерман сұхбат кезінде қазақ тілінің қоғамдағы рөліне қатысты алаңдаушылық білдірді. Ақын Мұхамеджан Тазабектің діни сенімі туралы жайында, Ринат Зайытов жайында сөз қозғады. Айтыстан кетуге мәжбүр болған кездерін еске алды.
 
«Абайдың 45 сұрағы» - Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің YouTube желісіндегі жобасы. Саясаткер, ғалым, депутат, қоғам қайраткері сияқты танымал тұлғалар журналист Абай Сейфулланың нақты сұрақтарына қысқа әрі нұсқа жауап береді. Кейбір сұрақтар спикер үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін, бірақ жоба сонысымен де құнды әрі қызықты.