Донор-еркектің қазақшасы Адам «бұқа» бола ма...

Донор-еркектің қазақшасы Адам «бұқа» бола ма...

Таяуда мен бір кино көрдім. Кино болғанда да қандай деңізші, басты рөлдегі жігіттің 533 баласы бар! Өзіңіз ойлап көріңізші, бір емес, бесеу де емес, 533 баланың әкесі болу... міне ерлік деп осыны айт!. Және ол әйелінің көзіне шөп салған жоқ, өйткені ол бойдақ. Бірақ бойдақ екенмін деп, әр таңды әр сұлумен аттырған да жоқ.  Ендеше қалай таптырды сонша баланы?  Донор болды!

«Чудо-бык»
Бұл – Дэвидке сырттан таңылған есім. Расында, өзін өркениетті санайтын қоғамда өгізді ғана солай «мәжбүрлемесе», адамдар өз басын өсіруден гөрі ақша мен қызметін өсіруді тәуір көріп кетті. Екінші жағынан баспана, күнкөріс расында қиын. Жә, ол басқа әңгіме. Адамзат тарихында ұрпағы ең көп Шыңғысхан ба еді? «Басып алған елдерінің сылқым сұлу біткенін қойнына баса бергендіктен, жаһан жаулаушысы әйелдерінің саны 500-ден асып жығылыпты» деседі жұрт. Бір қарағанда режиссер Кен Скотт мына киносына сол Шыңғысханнан «идея ұрлады» ма екен деп қаласыз... Бірақ, әйгілі қағанның әлемді жаулаумен жүріп, өз ұрпағын түгелдеуге уақыты да болған жоқ қой, шыны керек. Ал «Чудо-бык» – Дэвид ерінбей өз кіндігінен туған, бірақ түрлері де, мінез-құлықтары да әр түрлі балаларын аралап, өзінше «жебеуші періште» кейпіне енеді ғой. Көрермен жүрегіне жылу ұялатар тұсы да осы фильмнің.
Адам кейде әдейілеп емес, өзі ойланып та жатпай, жақсылық жасауы мүмкін. Және бір таң қаларлығы, онысын «жақсылық жасадым» деп емес, керісінше, «күнә» санап, елден жасырып жүргені. Ә дегенде, басты кейіпкер бізге «еш жолы болмай жүрген» можантопай кейіпте көрінеді. Жұмыстан шығудың аз-ақ алдында. «Итке сүйек қарыз». Қала берді, азаматтық некедегі қалыңдығы жүкті. «Бір айналдырғанды Құдай шыр айналдырады» деген бар емес пе, сөйтіп жүргенде бір күні соттан қағаз келмесі бар ма?!. «533 бала өздерінің биологиялық әкесін іздеп жүр» екен. Ал керек болса, тіпті ұмыт болып кеткен студенттік кездегі «нәпақа табу көзі» алдынан бір тайпа ел болып шығады деп кім ойлаған?! Өңі түгілі түсінде жоқ. Ол да бір сан жылдар ашылмай-ашылмай, тап осы «тар өткелде» тап бергені. Шақшадай басы шарадай болған әке не шешті дейсіз ғой?! Не де болса балаларымен танысып көруді ұйғарды. Бірақ, бейтаныс кейіпте!
Күлдіріп тұрып жылатқан кино...
Ең бірінші көргені – алдыңғы қатарлы баскетболшы баласы. Мәссаған, перзент деген қандай, бейтаныс баласы үшін емешегі езіліп отыр Дэвид әкейдің. Келесі бірі.,тура өзі секілді не жұмысты қатыра алмай, не басқасына үлгермей жатқаны. Барда істейтін баласын сырттай бақылап, одан тап өзін көрген әкетай оған да «жақсылық» жасап кетеді. Сонымен не керек, бір қызы – нашақор, енді бірі – көгілдір, тіпті мүгедегі де бар. Бірақ бәрін де жақсы көреді Дэвид. Киноның жанры комедия, негізі. Шек-сілеңіз қата күлесіз, бірақ сөйте тұра кәдімгідей жүрегіңіз езіліп, кей тұсында тіпті терең ойға да шомасыз. Басқаларды қайдам, мен 533 баласы барын білгеннен кейінгі Дэвидтің махаббаты мынау, ал біз санына тіпті жете алмайтын жаратылыс иесі жалғыз Хақтың махаббаты ше? Әсіресе, адамға деген мейірімі: Жер мен Көктің барлығын біздің еркімізге бере салғаны, ризық-несібемізді молынан төгіп тастап, «ал пайдалан!» дегенінде... Ел тек Дэвидтің әкелігіне сүйсініп отырса, менің көзім кинода, ал көңілім солай көкті шарлап кетіп қалғаны. Бір қарасам, ебіл-дебілім шығып жылап отырмын, өзі де фильмнің бітер шағында «Чудо-бык»-тың қалыңдығы босанып, оған 533 аға-әпкесінің келіп тұрған сәті екен. Айтпақшы, оған дейін ол сотта жеңіп, анонимдігін сақтап қалу құқымен қатар, 200 мың доллар моральдік өтемге де ие болған. Бірақ, өз еркімен бас тартты. Әйтсе де әу баста өлердей жасырып, тіпті досын қорғаушысы етіп алған өзі еді. Дэвидтің шешімін өзгерткен не? Әкелік мейірім! Режиссер осы тұсын керемет келтірген, өзінің шын баласы да туылды, Дэвидте өзінің биологиялық балаларымен араласу арқасында оған дейін болмаған әкелік мейірім де оянды. Керемет түйін! Адам өмірінің басты құндылығы ақша емес, отбасы, махаббат және шындық екендігін күлдіре отырып, ұқтыра білгендігімен фильм 100 пайыз өз миссиясын орындаған!
Кәсіби тұрғыдан алғанда да сюжет бар, кульминация мен қайту нүктесін қоюда мамандар идеядан адасып қалмаған. Музыкасы да киноның күлдіретін тұсында американдық классикалық комедия стилін шебер қолдана білген.
«Көп балалы әке»
деген ұғымды қалыптастыруымыз шарт. Ал біз болсақ, оны тек Аналарға телиміз. Сөз жоқ, баланы тоғыз ай бойына құрсағында өрбітетін әйел-ана, алайда ер азамат болмаса баланың «дәнін» кім себер еді? Егер ердің қатысы болмаса, әуел баста Алла әйелді өзінен-өзі ұрықтана беретін жаратылыс иесі ете салмас па еді?! Жоқ, олай еткен жоқ. Біле білсек, бірінші Адам ата пайда болды және де сол атамыздың өзімшіл болмай, мейірімді болғанының арқасында біздер, әйелдер жаратылды. Адам ата өзінің бір қабырғасын сөгіп берді. Ендеше біз бүгін неге ер азаматтарды жерден алып, жерге салып, олардың тіпті баламыздың әкесі екеніне тіпті мән де бермейміз. Бәлкім, содан да шығар, біздің көптеген балаларымыздың әкесіз туып, өсіп жатқаны. Егер «көп балалы әке» деген мәртебе берсек, азаматтарымызға ол кәдімгідей рух пен жігер беріп, жауапкершілік жүгін күшейтер ме еді?!.
Жанна ЖАЙЛАУБАЙКЫЗЫ, журналист:
– Көпбалалы болып ата-ананың біреуі ғана тіркеле алады. Менің қайын ағам, көп балалы әке болып жазылған. Көпбалалы статусы автобуста тегін жүреді. Бірақ қайнағам автобусқа мінбейді де, ал балаларды емханаға апаратын, жалпы, әлеуметтік көмекке жүгіретін абысыным. Сондықтан көпбалалы ана деп жаздырып, әйелінің атына құжаттарды көшіріп жүрген. Ол бір, екінші жағынан бізде әкелер декретке шықпайды, «больничныйда» отырмайды. Сондықтан жұмыс істеді деген аты болмаса баласын ауруханаға апару үшін, басқа үшін жұмыстан қайта-қайта сұранып, кадр бөліміне "сүйкімсіз" болатын әйелдер. Осындай өмір тәжірибесіне сүйене отырып, «көпбалалы» статусын ерлерге беру тиімсіз дер едім мен.

Сакен СЫБАНБАЙ, журналист:
–  16 баласы бар бір кісі туралы естігенмін. Кейбірінің атын ұмытып қалып, "ана бір шикіл сарының аты кім еді ей?" деп әйелінен сұрап отырғаны...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста