Дүкеннің дүниетанымы мол кітаптары жарық көрді

Дүкеннің дүниетанымы мол кітаптары жарық көрді

Алдағы 10 қазан күні Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ақын, аудармашы Дүкен Мәсімханұлының 50 жасқа толған мерейтойына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек.
Осы қарсаңда «Фолиант» баспасынан көрнекті қаламгер-ғалымның «Қытай туралы қырық сөз», «Өз аспаным өзімде», «Азаттығым мен Қазақтығым» және қаламгердің шығармашылыға байланысты жазылған мақалалар топтамасы жарық көрді.
Қаламгердің «Қытай туралы қырық сөз» атты кітабына көп жылдан бергі қытайтану ғылымы бағытында жазған ғылыми-танымдық мақалалары, мерзімді баспасөзге берген сұхбаттары топтастырылған.
Ал «Азаттығым мен Қазақтығым» атты жинаққа Дүкен Мәсімханұлының елдік мүдде мен ұлт болашағы туралы әр жылдарда жазған мақалалары, пәлсапалық толғаныстары, баспасөз беттеріне берген сұхбаттары жинақталған.
«Өз аспаным өзімде» атты еңбегіне ақынның ел мен жер, Отан туралы азаматтық мінез бен патриоттық рухқа толы жырлары енген.

      
Ал төртінші кітапқа көрнекті қайраткер тұлғалар мен ақын-жазушылардың, ғалымдардың талдау мақалалары, жырлары, жылы пікірлері топтастырылған. Жалпы, қаламгер шығармашылығының жылнамасы десе де болады.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ақын, аудармашы, қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы ұзақ жылдардан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ұстаздық қызмет етеді. 1987 жылы Пекиндегі Орталық ұлттар университетін аудармашы-филолог мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1987-1993 жылдары Үрімжі қаласындағы СУАР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер болып істеді. 1993-жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің арнайы шақыруымен атамекенге келген. Келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін тарихи отанында біржола қалып, ҚазМУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасында ұстаздық етті. 1999-2002 жылдары осы кафедраға басшылық жасады.
2002 жылы Л.Н. Гумилев атыдағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасына доценттік қызметке шақырылды. 2003-2005 және 2007-2009 жылдар аралығында аталған оқу орнында Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, доценті болып қызмет атқарды. 2010 жылдан бері аталған оқу орнындағы Қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста