Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Екі әйелі бар композитор: "Екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес"

Танымал композитор Жарылқасын Дәулет екі әйелімен тату–тәтті тұрып жатыр. Тіпті бәйбіше мен тоқалы бір–біріне жәрдемдесіп те келеді. Бұл туралы өнер иесі шымкенттік Замана басылымына берген сұхбатында ашып айтты.

Композитор екінші әйел алуының себебін де түсіндіріп берген.

«Менің үйленуіме ең алдымен ұлымның жалғыздығы себеп болды. Ұлыма бауыр керек деп шештім. Бұл – бір. Содан кейін, айналаға қараңызшы, тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма бес жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында қазақтардың саны небәрі бір-ақ миллионға артыпты. Онда да оралмандардың есебінен, - деді Жарылқасын Дәулет.

Сазгер өз сөзінде тоқалымен қалай танысқанын да баяндап берген.

- Менің досым бар, аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Бір күні соған жолығып: «Мен екінші рет үйленемін деп шештім. Балам жалғыз болмасын, жақсы бір әйел болса, бала тууға қабілетті болса, мейлі ажырасқан, жесір болсын. Соған үйленіп, бар жағдайын жасап жүрер едім», – деген ойымды айттым. Ол Алматыдағы бір медреседе туыс қарындасы жұмыс істейтінін, иманды әйел тауып беруге көмектесетінін айтты. Содан не керек, досымның қарындасы арқылы бір келіншекпен танысып едім, оның мінезді адам екенін байқадым. Әңгімеміз жараспады.

Арада біраз күн өткен соң әлгі досымның қарындасына қайта хабарласып, таныстырған адамымен сөзімнің жараспағанын айттым. Осылай оны-мұны әңгіме етіп тұрғанымызда ол өз қызының ажырасып келіп отырғанын айтып қалды. Ұзын сөзің қысқасы, мен досымның қарындасының қызын көрмек болдым, кездестік, таныстық. Үріп ауызға салғандай әп-әдемі әрі иманды келіншекті бір көргеннен ұнаттым. Ол да маған тұрмысқа шығуға қарсылық білдірген жоқ. Осылайша екінші рет үйлендім. Жарымның есімі – Айша, жас айырмашылығымыз – 28 жыл. Аллаға шүкір, қазір Мұхаммед және Сүлеймен есімді екі ұлымыз бар. Тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз... Екеуі екі бөлек үйде тұрады. Дегенмен қонақ күтер болсақ екеуі бар шаруаны бірге атқарады, - деп ағынан жарылды композитор.

Қос әйелдің бір–бірімен жақын араласқаны соншалық тоқалы ұлын өмірге алып келгенде бәйбішесі екінші әйелі мен кенже ұлын перзентханадан алып шығып, өзі қараған екен.

Бәйбіше алу туралы пікірге Жарылқасын мырза өз ойын да жасырмай қалды.

"Екінші рет үйленер едім, әйелім рұқсат бермейді ғой, оның қарғысына қалам ба? деп жүргендер көп. Менің соларға айтарым, Шариғатта екінші рет үйленемін деген еркекке әйелінің рұқсаты керек емес. Рұқсат – Алладан. Алла қаласа аласың, қаламаса мың жерден зарласаң да алмайсың".

Сұхбат соңында композитор екі әйелдің тату–тәтті тұруы үшін бәйбішенің алар орны ерекше екенін атап өткен.

«Барлық нәрсе бәйбішенің көркем мінезіне байланысты. Егер бәйбіше күйеуін шын құрметтесе, оның алған әйелін де қабылдай біледі» деп сөзін түйіндеді ол. 

korr.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста