Екі театрдың басы бір сахнаға сыя ма?

Екі театрдың басы бір сахнаға сыя ма?

Ақтөбедегі қазақ театрына бөлек ғимарат керек. Бұл әңгіме көптен бері айтылып келеді. Қазақ және орыс труппалары бір шаңырақтың астында 21 жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Осы уақыт аралығында өнерге шын жаны ашитын азаматтар қазақ театрына ғимарат қажеттігін қайта-қайта көтерумен келеді.
Білетіндердің айтуынша, қазіргі драма театрының отырған ғимараты кезінде Александр Невскийдің шіркеуі болған деседі. Биыл халық жазушысы, Мемле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Тахауи Ах­та­нов атындағы облыстық драма театры қа­зақ труппасының құрылғанына 21 жыл толды. Қазақи салтқа салсақ, әлдеқашан «он үште отау иесі болғаны» дұрыс еді. Бірақ олай болмады.
Қаламызда екі-үш жыл сайын, тіпті бес жыл сайын дейік, кем дегенде бір-екі биз­нес орталығы не сауда орталықтары бой көтереді. Облыс құрылыс қарқыны жөні­нен алдыңғы қатарда тұр. Дегенмен қазақ театрына бөлек ғимарат салу мәселесі әлі сол мәселе күйінде қалып отыр.
Ақтөбе – еліміздегі өнер мен мәде­ниеттің, әдебиет пен драматургияның ошағы болуға лайық өлке. Бұл жер – бүкіл қазақ мәдениетін үйіре алатын ұйытқы боларға лайық жер. Бірақ ұлттық ән мен күйдің, бидің, жырдың, тілдің, ділдің на­ғыз қарашаңырағы болуға тиіс қазақ теат­ры жоқ.
Осындай «бірақ» пен «алайдалардан» аяқ алып жүре алмайсыз. Құжаттарға сү­йен­сек, Т.Ахтановтың есімі кезінде Ақтөбе облыстық қазақ драма театрына берілген. Бірақ «қазақ» деген сөз кейін түсіп қа­лыпты.
Ақтөбелік қаламгер Марат Мырзағұл­дың «Тахауи театры тарихынан» кітабының мұрағат құжаттарына сүйеніп жазған тұс­тарында былай делінген: «Ақтөбеде Құ­дай­берген Жұбановтың, Жиенғали Тілеп­бер­геновтің мұрындық болуымен 1926 жылдың 4 қаңтарында «Еңлік – Кебек» қо­йылады. Республикалық жасөспірімдер теат­ры, яғни бүгінгі Ғ.Мүсірепов атындағы республикалық балалар мен жасөспірім­дер театры Ақтөбеде ең алғаш рет 1933 жылы 30 наурызда Ақтөбе теміржолшы­ларының клубында шымылдығын ашты. Бұл театр алғаш рет тек орыс тілінде сөй­леді. Мұнда 1935 жылдан бастап қазақ труппасы ашы­лып, кішкентай көрермен­дерге арнап өнер көрсете бастайды. 1949 жылдың 24 сәуірінде қазақ драма театры жабылды».
1949 жылы жабылып қалған қазақ дра­ма театрын ашу жөнінде сөз қозғалға­нымен, жергілікті билік 1964 жылдың қаңтарында өлкелік орыс драма театрын ашты. 80-жылдардың аяқ шенінде Ақтөбе қаласында облыстық қазақ драма театрын ашу жөнінде батыл пікірлер ай­ты­ла баста­ды. Облыстық атқару комитеті 1991 жылы облыстық қазақ драма театрын ұйым­дастыру жөнінде шешім қабылдап, халық ағарту үйінің үлкен залы театрға берілді. 1998 жылы қазақ театрына Т.Ах­та­новтың есімі берілді. Көп ұзамай қазақ және орыс театрлары біріктірілді. Содан бері «екі қошқардың басы бір қазанда» қайнап келеді.
Бір табақтан тамақ жеген екі адамның бірі аш қалады ғой. Мәселе бюджетке ке­ліп тірелген кезде мәселенің туындары хақ. Сиам егіздері секілді қазақ және орыс труппаларының басқару қазығы бір жер­де. Ал бұл — үлкен проблема.
Театр труппаларының репетиция жа­сауына сахнаның жетіспеушілігі – тағы бір мәселе. «Қазақ труппасының аптасы», «орыс труппасының аптасы» деп, ай апта­ларын труппаларға бөліп, алма-кезек да­йындалған кездер де болған. 2010 жылы, шүкір, ескі ғимарат жөндеуден өтті. Бұрын репетицияға арналған бөлме бүгінде 20 көрерменге арналған кіші залға айналды. Бірақ бәрібір қандай зәулім са­рай болса да, үй үстіне үй тігу дұрыс тірлік емес.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Нәзира Табылдинованың айту­ын­ша, қазақ театрының жеке ғимаратын салу мәселесі 2014-15 жылдарға қарай шешілуі керек.
— Ғимарат құрылысын бастау үшін алдымен жобалау-смета құжаттарын әзір­леу керек. Бұл мәселе аумақтық даму бағ­дар­ламасына 2014-15 жылдарға енгі­зіл­ген. Жобасы ұсыныс ретінде дайын тұр. Егер 2014 жылы театр құрылысының не­гіз­демесі және жобалау-сметалық құжат­та­масы дайын болса, оны 2015 жылдың бюд­жетіне енгізеді деп ойлаймын, — дейді ол.
Ардақ ҚОНАҚБАЕВА, театртанушы:
— Ақтөбеде драма театрының ашыл­ға­нына 21 жыл толды, әлі басында жеке баспанасы жоқ. Мұның бір шаңы­рақта отырған екі театрдың толық­қанды жұмыс істеуіне зиянын тигізіп отыр­ғаны – шындық. «Жаңа ғимарат салы­на­ды» дегелі бірнеше жыл болды, әзірше өзгеріс жоқ. Т.Ахтанов атындағы қазақ театры ұжымына Батыс Қазақ­стан об­лыс­тық театры сияқты жарқы­раған ғи­маратта шығармашылық ізде­ніспен, тұрақты репертуармен жемісті жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Репе­ти­ция жасау үшін кезек күтіп жүрген­дері. Бұл актер­лік труппаның босаңсып, жұ­мысқа енжар қарауына әкеліп соқты­рады. Ақтөбе театрының шығарма­шы­лық деңгейінің өсуіне де кері әсерін ти­гізіп отыр деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста