«Екі жұлдыз» төрешілері төмен бағаға неге әуес?

«Екі жұлдыз» төрешілері төмен бағаға неге әуес?

«Екі жұлдыз» бағдарла­масының түсірілімін құр қалдырған емеспін. Әсіресе осы жолы «Екі жұлдыздың» тақырыбы халық әні және халық композиторларының әндеріне арналатынын  естігенде қуанғаным-ай! Халық әнінің жөні бір бөлек, сондай-ақ сүйікті орындау­шыларың сүйіп тыңдайтын  әндеріңді орындағанына не жетсін!
Бірақ ә дегеннен-ақ төрешілердің төрелігі қатты қынжылтты. Бәйгеге түскен тоғыз жұптың арасында үш жұптың қойылымы дұрыс бағаланбады. Төмен ұпаймен тұқыртып тастады. Өз басым бұл сыншылар қиялының қамақта отырғанын, иек астынан ары аспағанын көрсетті деп ойлаймын. Болат Құсайынов пен Гауһар Қаспақова, Дастан Оразбеков пен Айқын Төлеп­берген, Ринат Малцагов пен Динара Қайырова жұптары қойылым үшін төмен бағаланды. Соның біріне ғана тоқталып өтейін.


Ринат Малцагов пен Динара Қайырова жұбы орындаған Ақанның «Балқадишасы» – қазақ үшін орны ерекше ән. Ринат пен Динара қалай шырқар екен деп күттім, шыны керек, осы уақытқа дейін әртүрлі орындауда естісем де, дәл осынша буынымды балқытқан емес еді. Сөйте тұра, төрешілер бұл жұпқа да мін тағып шыға келді. Қойылымның нашар екенін алға тартты. Ал сахналық қойылым былай өрбиді: ән бастал­ғанда сахна ортасында заманауи ақ көйлектегі қыз жатады, ән шарықтаған сайын жансыз бейнеге қимыл бітіп, жүзін жас шайып кеткен. Ақ көйлегінің сыртынан арқан таңулы. Ойыма бірден барлық заманның бақытсыз келіншекте­рінің жинақы бейнесі оралды. Сүймеген жанға еріксіз ұзатылу – Балқадиша тағдыры бұрынғыда қалған жоқ, ол бүгін де бар. Міне, сахнадағы өзі байлаулы, жанары жасты келіншек бүгінгінің Балқадишасы еді. Динара мен Ринат жұбынан мен бақытсыз Балқадишаны құтқарған ғашықтар жебеушілері – Қозы мен Баянды көр­дім. Ал төрешілер «Балқадиша мұндай бол­маған» деп әннің тарихын айтуға көшіп кетті. Әр қазақ бұл тарихты беске біледі деп айта аламын. Сахнадағы қыз – Балқадиша емес, барлық заман­­ның бақытсыз жандарының жинақ­тық бейнесі, ал алба-жұлба киім мен аққан бояу қазақ қызының сыртқы бейнесі емес, аласа­пыран ішкі дүниесі еді.
Қазақ әні дегенде, бүрмелі көйлек, үкілі та­қия, алтыбақан ғана елестейтін болса, әндеріміз заман көшіне ере алмайды деген сөз. Баяғының ғана еншісі. Бүрмелі көйлек, үкілі тақия кимейтін, алтыбақан теппейтін халықтың тұрмысынан шығып қалды деген қорытындыға жетелейді. Ал мен олай ойламаймын. Сондықтан тар шеңберге қамалған төрешілердің түсінбегенін түсінбе­дім.
Суреттелген думан осы сенбі Ұлттық арна эфиріне шығады. Қалың көпшілік бағасын сол кезде берер. Ал алғашқы әсер осындай бол­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста