Екібастұзда мүсіндер көбейді

Екібастұзда мүсіндер көбейді

Елу жылдан астам тарихы бар Екібастұз жылдан-жылға көркейіп, қанат жайып келе­ді.­ Кейінгі кезде кеншілер шаһа­рының келбетін келтіру үшін түрлі материалдардан жасалған мүсіндер (шағын формалар) орнату да тамаша дәстүрге айналған.
Әуезов көшесінің бойына орнатылған мүсіндер ансамблі – осының айғағы. Әйтсе де, кейде қала көшелеріне мүсіндерді орнатуда  талғампаздыққа, сәйкес­сіздікке де жол беріп алатын сияқтымыз. Мәселен, «Уақ» сауда үйінің маңындағы көгал­да жалғыз тұрған аққудың темірден соғылған мүсіні бар. Және өзі көзге түспей­тін қалтарыста тұр. Жақында қала көркін келтіреді деген мүсіндер қатары тағы бір тың дүниемен толықты. Ол – Беркімбаев және Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Домбыра» мүсіні. Айтары жоқ, әп-әдемі! Жұртшылық қасына барып суретке түсіп, қызықтап та жүр. Домбыраның екі жағына гүл де егіліпті. Өкінішке қарай, мүсін ыңғайсыздау жерге қойылған. Жолға тым жақын. Әрі шошайып жалғыз тұрысы да жарасыңқырамайды. Егер бір кеңдеу жер­ге орнатылып, жанына демалып отыратын орындықтар қойылса, нұр үстіне нұр болар еді. Айта кетерлігі, «Домбыра» жергілікті кәсіпкер Руслан Жүнісовтің қала күніне арнайы әзірлеген сыйлығы екен. Мүсіннің авторы – Гаман Сагиденов.
Иә, қалай болғанда да, Екібастұзда қазақ­тың табиғатына жақын мұндай дү­ние­лердің көбейгені – қуанарлық іс. Мұн­дай дүниелердің кенді қаланың мәдениетін арттыра түсері сөзсіз.
Дәурен Сағидоллаұлы, қала тұрғыны:
– Қазақта «аққу жалғыз ұшпайды» деген ұғым бар ғой. Көшедегі жалғыз аққуды көргенде, есіме сол сөз түседі. Адам жанына ләззат сыйлап, белгілі бір мағынаға ие болмағаннан кейін, кез кел­ген затты ойға келген жерге жапсы­рып керегі не?

Рауза Шәкен, қала тұрғыны:
– «Домбыра» мүсінінің қала орта­сынан ойып тұрып орын алғаны маған ұнады. Бірақ домбыраға кей жерлері ұқсамайды. Шанағы қысқалау жасалған сияқты. Жалпы, әр нәрседе жарасым­ды­лық болуы керек қой. Тағы бір айт­қым келетіні, біздің қаланың орталығын­да темірден жасалған ағаш бар. Жұрт соған да шүберек байлап, бір «әулие ағашқа» айналдырып алыпты. Бұл тіпті орынсыз ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста