Ел алдына жалаңаш шыққан модель подиумда сұйық мақтадан көйлек киді
Америкалық супермодель Белла Хадид подиумға жалаңаш шығып, сұйық мақтадан жасалған көйлек киді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Grazie Magazine басылымына сілтеме жасап жазды.
Себастьен Мейер және Арно Вайан негізін қалаған Coperni франциялық сән үйі көктем-күз 2023 коллекцияcы аясында жаңа технологияларды қолдануды шешкен. Кеш финалында супермодель Белла Хадид шықты.
Модель подиумға жалаңаш шықты. Артынша испаниялық дизайнер Манель Торрес бастаған команда подиумға шығып, Хадидтің үстіне сұйықтық шаша бастайды. Осылайша жұрттың көзінше модельдің дене пішініне сай ақ түсті көйлек жасап шығады.
Бұл Торрестің ойлап тапқаны екен. Ол химик Пол Лакхеммен бірге денеде қатайып кететін сұйықтық ойлап тапқан.
Сұйықтықты кез келген түсте, кез келген пішінге келтіруге болады.
Артынша ол киімді шешіп, тіпті жууға да болады. Ал егер киімнен жалығып кетсеңіз оны еріткішке салсаңыз сұйыққа айналып кетеді.