Ел ерлерін еске алды

Ел ерлерін еске алды

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Исатай мен Махамбет: ізденістер, зерттеулер, көзқарастар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Төл тарихымызды таразылап, ақиқатты ашып айтуды көздеген бұл шараға Отан тарихының мүйізі қарағайдай көрнекті өкілдері қатысып, баяндама жасады.
Махамбет Өтемісұлының туғанына – 210 жыл, Исатай Тайманұлының туғанына 222 жыл толуына орайластырылған конферен­ция облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Исатай-Махамбет» қоғам­дық қорының және Батыс Қазақстан гуманитарлық академия­сы­ның ұйым­дастыруымен өткенін айтуы­мыз керек. Конференцияның пленар­лық мәжілісінде сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов азаттықты көксеген қозғалыс бүгінгі Тәуелсіздігіміздің бастауында тұрды деп баға берді.
– Құрметті конференцияға қатысу­шылар, ұлтымыздың айбыны Исатай мен Махамбеттің ерлігін насихаттауға арналған үлкен ғылыми шара, жалпы, Батыс Қазақстан өңірінің рухани өміріндегі елеулі оқиға деуге болады. Осы шарада жаңа тұжырымдар, жаңалықтар естиміз деген сенімдемін. Өткенді түгендемей, бола­шаққа көз жүгірту қиын. «Бұл көтеріліс бізге не берді» деген сұрақтың да жауабы осы шара барысында беріледі деп есептеймін. Көрнекті тарихшы Н.Савичев Исатай батыр туралы былай деген екен: «Қара түнекте жарқырап ағып өтетін метеор жұлдыз болады. Исатай сондай жұлдыз еді. Ол да өзінің ғасырында жарқ етіп жанып, артынан жоқ болды». Енді келешек ұрпақ тарихымызды түгендеп, осы батыр баба­лардың ерлігінен тәлім алса екен деген тілегіміз бар. Конференция сәтті өтсін, – деді Серік Жамбылұлы.
XIX ғасыр – Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың қазаны бұрқ-сарқ қайнаған уақыт. «Бодан болмаймыз» деп ереуіл атқа ер салған Махамбет пен Исатай бастаған Кіші жүздегі көтеріліс отаршыл орыс билігін ойлануға, қалың қазақ мүддесімен санасуға мәжбүр етті. Арада екі ғасыр өтсе де, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» егеулі найза қолға алған қас батырлардың өмірі, талайлы тағдыры бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
Конференцияның пленарлық мәжі­лісін­де тарих ғылымының докторы Хан­келді Әбжанов «Махамбет мұрасы және ұлт-азаттық қозғалысы», тарих ғылы­мының докторы Мәмбет Қойгелдиев «Исатай Тайманұлы бастаған азаттық қозғалысы және оған бүгінгі көзқарас жөнінде», жазушы-драматург, ҚР Мем­лекеттік сыйлығының иегері Әнес Сарай «1816 жылғы Өтеміс оқиғалары: тарихы мен кейінгі зардаптары», фило­логия ғылымының докторы Сейіт Қасқабасов «Махамбеттанудың өзекті мәселелері» тақырыптарында құнды баяндамалар жасады. Қазақ драма театрына жиылған зерделі қауым башқұртстандық қос ғалым Шамил Нафиков пен Андрей Трегубовтың, жерлесіміз, тарих ғылымының докторы Тұяқбай Рысбековтің, ақтөбелік ғалым Алтай Тайжановтың баяндамаларын да қызығушылықпен тыңдап, жылы қабылдады.
Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарих ғылымының докторы:
– Исатай-Махамбет қозғалысы секілді халықтың әлеуметтік теңдігін, әлеуметтік әділдікті көздеген қозғалыс болмаса, біздің бүгінгі Тәуелсіздігіміздің деңгейі де дәл қазіргідей болмас еді. Бұл – халықтың рухани, саяси дамуын биік белеске көтеріп кеткен көтеріліс. Әрине, Жәңгір хан – өз заманында біраз елеулі өзгерістер жасаған адам. Бірақ іс-әрекеті қарама-қайшылыққа толы күрделі тұлға. Орыс патшасы мүддесіне қызмет істеген. Ал Махамбет пен Исатайдың ойлап жүргені – қара халықтың қамы. Қалай дегенде де тарихқа объективтілік керек. Ақты ақ, қараны қара деп нақты көрсеткен кезде ғана ақиқат салтанат құрады.

Шамил НАФИКОВ, филология ғылымының кандидаты (Уфа, Башқұртстан):
– Батыс Қазақстан – башқұрт еліне ең жақын орналасқан өңір. Бұл – бір ұқсастық. Екінші ұқсастық – қазақ және башқұрт халықтарының қос перзенті Махамбет Өтемісұлы мен Салауат Юлаевтың тағдыры. Екеуі де отар­шылдарға қарсы күрескен әрі батыр, әрі ақын. Салауат Юлаев Еме­льян Пуга­чевтің қол астында күрескен. Мен өз баяндамамда қос халықтың қаһарман ұлдарының өміріндегі ұқсастықтарды тізбелеп бердім. Алдағы уақытта бұл бағыттағы ізденіс одан әрі дами береді деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста