Ел назарына алғаш рет Балуан Шолақтың суреті ұсынылды

Ел назарына алғаш рет Балуан Шолақтың суреті ұсынылды

Астанада ҚР Суретшілер, Журналистер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, ҚР Мәдениет қайраткері, танымал суретші Жанұзақ Мүсәпірдің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге суретшінің 50-ге жуық туындысы қойылды. Оның қылқаламының басты тақырыбы – туған өлкенің табиғаты. Олардың арасында натюрморттар, қалалық пейзаждар жанрында салынған суреттер көптеп кездеседі. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, туған өлкенің табиғаты бейнеленген этнографиялық сипаттағы картиналары ерекше қызығушылық туғызады. Суретшінің туындылары Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай, Польша және тағы да басқа көптеген елдердің коллекционерлерінің қорларында сақтаулы.

Көрменің басты жаңалығы - Балуан Шолақтың портреті болды. Балуан Шолақтың ұрпақтарының айтуынша, қазіргі "Балуан Шолақ" атымен қолданылып жүрген суреттер балуанға келмейді, тіпті мүлде ұқсамайды. Сондықтан суретші қазақ тарихындағы біртуар тұлғаның 150 жылдығына орай Балуан Шолақтың суретін қайта салды. Балуанның бейнесі қариялардың айтуымен, аталарына ұқсайтын ұрпақтарының түр кескініне қарап салынды. Деректерге сүйенсек, осыған дейін балуанның бір ғана суреті болған. Оның өзі ертеректе қолды болыпты.

kazmuseum.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста