Электронды кітапхана оқулық орнын толтыра ала ма?

Электронды кітапхана оқулық орнын толтыра ала ма?

Республикада оқып жүрген студенттердің жартысы қазақ бөлімінде оқиды десек, жоғары оқу орындарындағы қазақ тіліндегі кітап қоры 35 пайыздан аспайды. Техникалық университетте оқитын студенттер Ресейде шыққан кітаптарды пайдаланып, ғаламтордан алған материалдарды өздері қазақшаға аударып, күн көруде. Осындай алға тартылған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы құрамында Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана құрылды.

Республикалық жоғары оқу орындарына арналған электронды кітапхананы  құрудағы басты мақсат – еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының электронды  оқыту ресурстарын бір ақпараттық жүйеге енгізу арқылы ондағы профессор, оқытушылар мен студенттерді кең әрі озық ақпарат қорымен қамту. Нәтижесінде кез келген студент немесе оқытушы тек өзі оқып жатқан университеттің ғана емес, басқа да оқу орындарының кітапхана қорын пайдалануға мүмкіндік алады. Яғни университеттер арасындағы өзара байланыс нығайып, ақпарат алмасу күшейеді. Кітапхана қорына республикалық білім беру стандартына сай қолданылатын оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, үздік монографиялар, ғылыми мақалалар мен талдамалар, ғылыми зерттеулер топтастырылуда. Электронды кітапхана ел болашағының алтын тұтқасын сеніммен ұстатар бүгінгі жастарды білім нәрімен сусындатар және ұстаздарымыздың біліктілігін арттыруына пайдасы зор болады деген үміттеміз. Осы орайда біз аталған электронды  кітапхана басшысының өзінен аз-кем пікір сұраған едік.

Сейітжапар АРПАБЕКОВ, Республикалық жоғары оқу орындары аралықэлектронды кітапхананың директоры:
– Бұл электронды кітапхана – жоғары оқу орындарының электронды  кітапханаларын біріктіру арқылы құрылған біртұтас деректер қоры. Республикалық электронды кітапхананы құрудың арқасында жоғары оқу орындарының профессор, оқытушы құрамы және студенттерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету дәрежесі бірнеше есе өседі әрі сапасы жақсарады. Бір пәннің өзінен бірнеше оқу әдебиеттерін пайдалануға қол жеткізіп қана қоймай, көпшілік сирек кездесетін кітаптармен де қауышатын болады. Авторлардың жауапкершілігі артып, шығарылымдардың сапасы жоғарылайды, себебі шығарылған материалдар бұрынғыдай бір институт қабырғасында қалмай, көпшілік талқысына жіберіледі. Жоғары оқу орнының электронды базасында қандай материалдар бар екені бізге көрініп тұрады. Егер оқырман ол оқу орнының электронды кітапханасын пайдаланбаса немесе өте сирек пайдаланатын болса, онда ол базада мардымды ештеңе болмады деген қорытынды жасауға болады.

Электронды кітапхана құру барысында біраз мәселенің басы ашылды. Онда кіргізілетін кітап авторларының еңбектеріне қарай қаламақы төлеген абзал болар еді. Өз еңбегіне гонорар, материалдық төлем ала алмағандықтан, көптеген авторлар өз еңбектерін электронды кітапханаға беруден бас тартып отыр. Ал қаламақы төлеу  авторлық топ құрып, қажеттілікке қарай тапсырыс беру арқылы жүйелі жұмыс жүргізудің бір жолы болар еді. Осыған орай министрлікке жоғары оқу орындары жүйесіне арнайы, әсіресе электронды кітапханаға тапсырыс арқылы оқу әдебиеттерін әзірлеу, оған қаламақы  төлеу және жазу үшін шығармашылық демалыс беру жүйесін бір ізге үйлестірсе деген ұсынысымыз бар. Мүмкіндік болса, заңдастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Кейбір жоғары оқу орындарында әзірге электронды кітапханалары құрылмаған, ал бар болған күнде де әртүрлі бағдарламаларда жасалған, яғни бір жоғары оқу орнының бағдарламасы екіншісіне үйлесе бермейді, білікті бағдарламашы мамандар жоқ, техникалар сатып алу немесе жаңарту сияқты мәселелер бар. Осы факторларға байланысты біраз жоғары оқу ордалары әлі күнге дейін толық кірісе алмай отыр.

Содан кейін бұл сыртқы интернетке жұмыс істемейтін жоғары мектеп арасындағы ішкі ұжымдық электронды  кітапхана болады. Алдымен кітапханамызға елдегі жоғары оқу орындарының кітапханалары еніп болған соң, колледждер мен лицейлерді осы жүйеге тарту, болашақта шетелдің электронды ресурстарын да қосу жоспарда бар.

Әлемдік стандарт талаптарына сай еліміздің жоғары оқу орындары соңғы үлгідегі білім беру электронды коммуникациялық құралдарымен жабдықталуда. Олар электронды ақпарат технологияларымен қамтамасыз етілген оқу залдарын және интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптар мен электронды кітапхана ашуға қарекет етіп жатыр. Алайда бұл қайсыбір оқу орнында жүзеге асқанымен, кейбірінде тек аты ғана. Қашықтықтан оқыту жүйесін оңтайлы жүргізуде электронды кітап пен электронды кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі таңда электронды оқулықтың бірізді жүйесі болмағандықтан, электронды үлгісі жасалған кітап немесе оқулық болсын электронды оқулық санатына есепке алынуда. Сондай-ақ кітаптардың көшірілген электронды нұсқасы да электронды оқулық санын толықтырып отыр. Негізгі  электронды оқулық мәтіндік, графиктік, мультимедиялық құрал болуы шарт. Ал ана тіліміздегі мұндай оқулықтар жоққа тән десе де болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста