Елі Ерболын ардақтады

Елі Ерболын ардақтады

Бір дерек
«Абай жолы» роман- эпопеясындағы кейіпкерлер саны – 628. Соның бірі – Ербол Көмекбайұлы.

Ұлы Абайдың досы Ербол Көмекбайұлының зираты жаңартылып, қайтадан көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Би ата ауылының шетіндегі бұл зират осыған дейін екі рет тұрғызылған екен. Ербол мен оның 17 туысы жерленген қорымға алғаш көтерілген зират құлай бастаған соң, 1968 жылы туыстары оның басын бір жаңартады. Алайда саман кірпіштен тұрғызылған мазар мүжіліп, құлауға айналғаннан кейін, ел азаматтары мен ұрпақтары оның басын қайтадан көтеруге ұйғарды.

Ербол Көмекбайұлының бейітін тұрғызуға ұйытқы болған Өнер Смағұловтың айтуынша, Шыңғыстау еліндегі танымал тұлғалардың бірі – Ербол жерленген қорымды жаңарту ұрпақтар үндестігін паш ету үдесінен туындап отыр. «Ербол Көмекбайұлы тарихта өзіндік орынға ие тұлға. Сондықтан аруағы риза болсын деп осы хатымды түсіріп отырмыз», – деген ол мазарды тұрғызуға қол ұшын берген көпшілікке алғысын білдірді.  

Өйткені кезінде Сүйіндік ауылына, Тоғжанға арнайы барған Абайдың Ерболдың көмегімен тасыған судан өтетін өткелі де осы судың бас жағы болатын. Тарихтан мәлім, Абай мен Тоғжан арасын селбестіріп, кейіннен Абайдың Әйгерімді алуында Ерболдың атқарғаны аз болған жоқ. Бұдан басқа ел ісін реттеуде де Абай мен Ербол үнемі ақылдасып, бірігіп әрекет қылып отырған.

Абайдан шамамен 4-5 жас үлкен Ербол Абай дүние салған 1904 жылы қайтыс болады. Ербол да жалғыз ұлының атын Мағауия деп қояды. Алайда Мағауия 1931 жылғы аштық кезінде хабар-ошарсыз кетеді. Ербол Абай ғашық болған Тоғжанмен нағашы жағынан туыс болып келеді. Тоғжанның анасы, Сүйіндіктің кіші әйелі Қантжан Ерболдың анасымен немере.

Ербол Көмекбайұлының ағайындары арасынан шыққан мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлері де баршылық. Айталық, кезінде Ерболдың інісі Ерғожаның ұлы Қаптағай отызыншы жылдары өндіріс министріне дейін көтеріледі. Артынша қуғын-сүргін құрбаны болып кетеді. Ал Ерғожаның қызы Әмина Өмірзақова – даңқты актриса, қазақ театры мен киносының қалыптасуына өзіндік қолтаңба қалдырған қайраткер. Сонымен қатар әйгілі әнші Жәнібек Кәрменов те Ерболдың інісі Дүтбайдың Кәрменінен тарайды. Ал Абайдың 150 жылдығы кезінде ақын туған ауданның әкімі болған Өнер Ғаббасұлы Ерболдың кенже інісі Смағұлдың немересі болып келеді.

Ербол Көмекбайұлының басына тұрғызылған зират құрылысы біткеннен кейін арнайы құран оқылып, соңынан хатым түсірілді.

Дәуірбек ДҮЙСЕБАЕВ, шығыстанушы:
– Шетелдің, әсіресе, шежірелі Шығыстың ұлы ақындарына қарасақ, олармен жақын араласқан тұлғалар турасында зерттеулер мол-ақ. Оның жанында біз абайтануда ештеңе атқара алмай жатырмыз деуге болады. Болмаса, мәселені ауыл арасы, ру арасы шеңберімен шектеуге ғана «шеберміз». Әйтпесе Ербол да ескерткіш тұрғызуға лайықты тұлға. Мен өз басым Ерболды парсының ұлы ақыны Румиге шабыт берген, ақыры ақын тірідей айырылған  Шәмс Тәбризимен салыстырған болар едім...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста