Елінің еңлікгүлі еді...

Елінің еңлікгүлі еді...

Қазақ көрермендеріне «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы Милат, «Тақиялы періштедегі» комендант Жамал, «Ұлдың ора­луын­дағы» Рәбиға, «Тоғыс­қан тағдырлар» телесериалындағы Нұрбибі әже сияқты басқа да көпте­ген рөлімен таныс Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Бикен Римованың қызметі, негізінен, ұлттық сахна өнерінің қара шаңы­рағы – М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрымен бай­ла­нысты болды. Өмірінің соңына дейін сахна төрінен түс­пе­ген айтулы өнер ше­­бе­рі актрисалықпен ғана шектеліп қалмай, «Ең­лікгүлім», «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітап­тар жазып, драматургия сала­сы­на да қалам тартты. Ол жаз­ған «Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» пьесалары елі­­міздің көрнекті театрлары репер­туарынан берік орын алды.
...Өзіне ғана тән майда қоңыр үні, жер қоз­ғалса да қозғала қоймайтын сабырлы да салмақты мінезі Бикен апайды өз­ге­лер­ден әрдайым даралап тұратын. Жастайынан қиындықты көп көрген актрисаның өмірге көз­қарасы, адамдармен, айналасымен қа­рым-қатынасы бөлекше-тұғын. Жеті жа­сында әкесі қайтыс болып, араға он жыл салып ана­сынан айырылған жасөспірім қыз­ды өмір ерте есейтеді. Алғашқы рөлі Ең­ліктен бас­тап ол қазақ театрының та­ри­хында қал­ған көптеген жарқын бей­нені сомдайды. Шах­мет Хұсайыновтай дра­матург жазу­шы­ға адал жар болып, өнегелі ұрпақ өр­бі­теді. Өмірлік серігімен табысқан бір сәтін суреттей отырып, актриса ол жайлы өз ес­те­лігінде: «...Сол күні мен Ша­қаң­ның сұ­рауы­мен Еңліктің қош­тасу әнін айттым. Ата-анамды сағынып айттым. Тағ­дырымды бір өзіне тап­сыр­ға­ным­ды айт­тым. Ор­ным­нан тұрып, кетуге ың­ғайлана бергенімде маң­дайымнан сипап, көзіме тура қарап тұрып: «Бикенжан, сен кетпе, қал біз­ді­кінде!», – деді. Және бойжеткенге ай­ты­ла­тын сөздердей емес, соншалықты бір мейір­бандылықпен, таза сеніммен айтты. Бикенжан деп мені тек қана анам айтушы еді. Әке-шешем өлгелі бір адам менің маң­дайымнан сипап, Би­кен­жан деп көрмеген-ді. Жылап жатып, Ша­қаңның үйіндегі ка­би­­нетінде ұйықтап қалған екем. Таң ата ояна кетсем, Шақаң қарсы ал­дым­да, крес­ло­­да маған қарап отыр. «Таң ат­қан­ша отыр­­­дың ба?» дедім. «Иә, таң ат­қан­ша отыр­­дым!» деді күлімдеп. «Неге?» деппін ұял­ғанымнан. «Күнтай, мен сенің ұйқыңды күзетіп отырдым ғой», – деді. Сол сәттегі «Күнтай» деген жылы сөзінен, жүзіндегі күн­дей күлімдеп тұрған мейір­бандылықтан айналып қана кетсем болмас па?! Міне, сол күннен бастап, Шақаң екеуміз өмір жо­лын да, өнер жолын да бір кештік...» – деп жазғаны бар. Ал актри­са­ның ұлы, тілші-ға­лым Көбей Құсайынов анасының адами ар­тықшылықтарын тілге тиек ете отырып: «Қиындықты көп көр­ге­нінен болар, ба­ланы көп еркелете бер­мей­тін. Перзенттеріне де­ген терең махаббаты жүрегінің төрінде сақ­таулы екенін мейірімді жанарынан-ақ се­зетінбіз», – дейді. Ол кісі­нің үй шаруасын, жол­дасы мен бала-ша­ғасының күтімін, өзі­нің театр мен кинодағы жұ­мысын бір-бі­рі­мен шебер үйлестіріп, бәріне үлгеретін қа­сиеті маңайын­да­ғыларды еріксіз тәнті ететін. Бикен апайдың іс­мер­лігі де керемет болатын. Қол қусырып отырғанды ұнат­пай­тын ол өзіне көйлек тігіп, болмаса ба­ла­ларына киім тоқып, әп-сәт­те үлкен шаруа бітіріп тастайтын. Дом­быра тартып, ән де ай­татын, отырыстарда әріп­тестеріне па­ро­дия жасап, маңайын күл­кіге көміп тас­тай­тын да кездері бар-тын.
49 жасында жесір қалған анасының «Қиын­шылық кездессе, мұңайма, бәрін шы­дамдылықпен көтер. Бірінші – ден­сау­лық, екінші – еңбектің арқасында бәрін же­­ңіп шығасың» деген ақылы Көбей Шах­мет­ұлының жадында мәңгіге қалып қойды. «1975 жылы інім Хасан қайтыс болды. Бұл жайт та анама ауыр тиді. Бірақ анам осы­ның бәрін қажырлы еңбегі арқылы жеңді», – дейді ол.
Өмірден өтер-өткенше сахнадан қол үз­беген актриса ең соңғы ойнағаны – «Ес­тайдың Қорланындағы» Қорлан рөлі. Ол кісінің әрі досы, әрі әріптесі Хабиба Еле­бе­ко­ва сол спектакль қойылатын кезде: «Тү­ні­мен ауырып ұйықтай алмадым. Театрға ха­барласайын, менің орныма екінші ке­зек­те­гі басқа актер ойнасын», – депті. Бірақ ту­мысынан жігерлі, өжет мінезді Бикен апай: «Мұның жарамайды, жүр, театрға ба­райық. Менің де аяғым ауырады, ентігіп қа­ламын. Бірақ шыдайық. Екеуміз жақ­сы­лап ойнайық, өлсек, сахнада өлейік. Әр­тіс­ке сол – нағыз өлім», – деп құрбысын сах­наға шығуға көндірген екен.
Бикен Римова Болат Атабаевтың көп­те­ген спектаклінде басты рөлдерді ойнады, «Абай десем...» пьесасын режиссермен бі­рігіп жазып шықты. Осындай жұмыстар барысында да, былайғы өмірде де тығыз ара­ласқан Болат Атабаев ол кісі туралы: «Сахнадағы жүріс-тұрысынан, киім киі­сі­нен, сөз саптауынан, дауыс ырғағынан, қи­мыл-әрекеттерінен қазақылығы ерекше кө­рініп тұратын», – дейді. Сондай-ақ: «Кей адам­дармен о дүниеде де кездескің келеді. Бикен апай – мен үшін сондай адам. Са­ғы­намын. Түсімде көремін...» – деген шы­найы сезімін де жасырмайды...

Әріптестер айтқан сыр
Хабиба ЕЛЕБЕКОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
«Ол менің «Би-ағам», Бикешім еді»
...Екеуміз сондай дос, сырлас едік. Ол бой­жетіп, еңбек істейтін халге жеткенше қан­шама өткелден өтті. Жалғыз анасы осы Ал­маты емханасында қайтыс болғанда «өзім жудым, өзім апарып жер­ледім» деп жы­лағаны қабырғамды қайыс­тырған. Мұндай қасіретті кез келген өткере бер­мей­ді. Екеуміз ел аралап жүргенде ылғи бірге боламыз. Түскен жеріміз таза бол­ма­са, мен кішкене жиір­кеншектеу мінезіммен жан-жағыма қарап, «ойпырмай» деп рен­жіп қалсам, ол үн-түн жоқ шығып кететін де, тазалайтын адамды тауып алып, жу­ғы­зып: «Хаба, үйіңіз таза, кіріңіз», – деп күліп тұ­ратын. Ол менің «Би-ағам», Бикешім еді.
Қасым ЖӘКІБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:
«Басқа болса, шыққан шығынға ренжір еді...»
...Шақаңның бірде маған айтқаны бар. Жазу­шы­лар Индонезияға барып келгенде ол апайға: «Бикен, балаларға бірдеңелер алып келдім, бірақ біраз ақша кетті. Сон­дықтан саған ештеңе ала алмадым, рен­жі­ме», – депті.
– Не болды сонша? Шүкір, балаларға ал­саң же­теді де.
– Осылай дейтініңді біл­ген­мін... Ин­до­не­зияда алтын ванна бар екен, қымбат бол­са да, бар­ған­дардың ішінен жалғыз өзім соған түстім. Өйткені енді қайтып келе ал­маспын деген едім.
– Шынымен, сенен басқа ешкім түскен жоқ па?
– Түскен жоқ.
Сонда Бикен апай:
– Әй, жігітсің ғой! Әйтпесе мен саған жолдас боламын ба? – деген екен.
Міне, кеңдік! Басқа болса, шыққан шығынға ренжір еді-ау!

(Естеліктер «Бикен Римова» атты кітаптан ықшамдалып алынды)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста