Елорда театрында – «Гамлет»

Елорда театрында – «Гамлет»

Жақында қазақ театрына абсурд деп аталатын жаңа жанр әкелген елорда театрында әлемдік драматургияның тағы бір үздік туындысы көрермен назарына ұсынылды. У.Шекспирдің шоқтығы биік туындыларының бірі – «Гамлет» трагедиясының премьерасы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанды. Қойылым режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Шығарманы қазақ тіліне аударған – жазушы Хамит Ерғалиев.
Аталмыш премьераның басты ерек­шелігі – Қаллеки театры шығармашылық ұжымының кезекті әлемдік сахна өнеріндегі туындыға бет бұруында. Осылайша, әлем­нің барлық елінде сахналанған, экрани­зация жасалған туынды елорда театры сах­насында тұңғыш рет сахналанып, трагедия қаһарманы жаңа сарынмен сахнаға жол тартты.
«Гамлет» – Шекспир шығармалары ішін­дегі шоқтығы биік туынды. Әлемге әй­гілі кейіпкер «Гамлет» – Дат елінің ханза­дасы. Оның тағдыры жақсылық пен жаман­дықтың, сатқындық пен жалғандықтың, сүю мен жек көрудің «құрбандығына» ай­налып, саналы түрде «күйіп кету» трагедия­сына ұшырайды. Ханзаданың өміріндегі әкесінің оқыс өлімі, анасы мен достарының сатқындығы секілді соққылар оның өмірін түбегейлі өзгертеді. Маңайында болып жатқан барлық кереғар оқиғадан, атап айтқанда, опасыздық, жалғандықтан туған ызасы оның кек алуына әкеліп соқтырады. Ол қоғамда шындықты орнатуға, опасыз­дықты әшкерелеуге тырысады. Алайда өз мақсатын орындауда «бар болу ма, әлде бордай тозу ма» деген ұранды ұстанған Гамлет өліммен іштей күреседі.
Гамлет – батыр болып өмір сүріп, батыр болып қаза тапқан тұлға. Өмірдегі шиеле­ніске толы тартыс пен күреске толы ойды сахналаған спектакльдің мағынасы тереңде екенін айтпай-ақ ұғынуға болады.
Заман талғамына сай, жаңа сарынмен көрерменге жол тартқан трагедияның басты қаһарманы – Гамлет бейнесі Қаллеки театрының орта буын артистері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуілов пен «Дарын» жастар сый­лығының иегері Сырым Қашқабаевтардың шеберлігімен сомдалды.
400 жылдан бері әлемнің барлық елінде өз көрерменімен бірге жасап келе жатқан, шытырманға толы қақтығыстар мен машақаты мол махаббат әуресіне же­те­лейтін шығармадан әр көрермен көргенін өзін­ше саралайды.
Болат ҰЗАҚОВ, «Гамлет» трагедиясының қоюшы режиссері:
– Жалпы, «Гамлет» трагедиясы – қазақ театрларында көп қойылмаған қойылым. Бұл спектакль 10 жыл бұрын – Алматыдағы М.Әуез­ов театрында, бертін келе Жамбыл облыстық драма театрында ғана сахналан­ған. Қойылымға келетін болсақ, «Гамлеттің» өзінің философиясы, көтерген мәсе­ле­лері қай заманда болсын өз мәнін жоғалт­қан емес. Былайша айтқанда, бұл – заман ты­ны­сын тап басып келе жатқан туынды. 400 жылдан бері сахна мен көгілдір экран­нан түспей келе жатқандығының басты се­б­ебі де – осы. «Гамлет» бұдан кейін қай за­ман­да сахналанса да, қандай фор­мада қойыл­са да, оның айтатын ойы мәңгілік, адами құндылықтар туралы. Бір айта кетер­лі­гі, әр заман сайын әрбір ұрпақ бұл қойы­лым­ның өзіне керек жағын жаңаша көзқа­распен, жаңа тыныспен тауып ала береді. Шекспир­ шығармаларының ішіндегі жалғыз осы «Гамлеті» ғана ешқандай эпо­ха­ға, костюм, декорацияға байланбаған. Бұл – дүниежү­зінде әлі күнге дейін режис­сердің қиялына көп мүмкіндік беріп келе жатқан жалғыз шығарма. Қорыта айтқанда, бұл – қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамның келеңсіз құбылыстарына жауап беретін, заман ойын айтқан керемет қойылым.

Еркін ЖУАСБЕК, театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры:
– Режиссерлік, актерлік басқа мақсаттарды айтпағанның өзінде, білікті театры бар жерде Шекспирдің ұлы шығармасының үлгісі көрсетілуі керек деп есептейміз. Себебі академиялық деген мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған театрымыздың актерлары Шекспирдің шығармасымен жұмыс істеуге, қоюға пісіп-жетілді. Сондықтан да 20 жылдық тарихы бар театрдың актерлік мектебінің «нартәуе­келге» баратын мезгілі әлдеқайда жетті ғой деген мақсатпен осы шығарманы алып отырмыз. Біз бар мүмкіншілігімізді салып, осы театрдағы «Гамлетке» шамасы келеді деген режиссерлік, актерлік мектептің басын қосып, көрерменге ұсыну үшін біраз тер төктік. Өйткені бұл – не дегенмен де, ұлы Шекспирдің шығармасы. Ақ өлеңмен жазылған, тартысы, таралымы өте күрделі туынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста