Елу жыл... 50 том

Елу жыл... 50 том

Кеше күллі қазақ ұлы Мұхтар Әуезовтің туған күнін тойлады.  Алашының алақанына, қала берді жалпақ жалғанның маңдайына сыймай кеткен арыстың биыл бақиға  аттанғанына 50 жыл толса, артында қалған мұралары 50 томдыққа жүк болды.
Жалпы, аталған академиялық басылымда М.Әуе­зовтің 1917 жыл мен 1961 жыл аралығын­да­ғы әң­гіме, роман, повестері, аудармаларымен қа­тар, бұл томдықтарда жазушының кезінде бір рет бас­па­сөзде жарық көріп, кейін ешбір жинағына енбей қалған, сон­­­дай-ақ қолжазба күйінде мұрағаттарда, өз тарт­па­сын­­да, баспаларда қалып қойған еңбектері, эпис­то­ляр­­лық жанрдағы хаттары – бәрі-бәрі түгел қам­тыл­ған.
Әуелі Ләйла Мұхтарқызы бастаған бұл жұмыс­ты 1993 жылы ол кісінің көзі кеткен соң Талапбек Әкі­мов, Ал­дабек Қуанышбаев, Руда Досымбеков, Рау­шан Қай­шыбаев, Кеңес Рақымжанов сынды көптеген М.Әуе­зов мұражай-үйінің байырғы қызметкерлері жал­ғап, соңында Рафат Әбдіғұлов сынды ғалымдар 50 том­дықтың соңғы нүктесін қойса керек. 
Рафат ӘБДІҒҰЛОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әуезовтану бөлімінің ғылыми қызметкері:
– Әуезов көзінің тірісінде өзінің алты томдығын кө­ріп үлгеріп кеткен. Қайтыс болғаннан кейін 12 том­дығы шыққан. Содан соң 20 томдыққа өсті, Мәс­кеуде тағы бес том жарық көрген-ді. Ал енді жа­зу­шының кезінде, әсіресе 1917-20 жылдары «Са­ры­арқа», «Алаш» газеттері мен «Абай» жур­налында шық­қан мақалалары елге белгісіз болып келді. Ке­йін оларды табу өте қиынға соқты. Қазақ халқының пси­хологиялық ерекшеліктерін, этногра­фия­лық ерекшеліктерін керемет ашқан мақалалар, міне, осы еңбекке енді. Негізі, бұлар кітап бетіне бірінші рет шығып отыр. Жалпы, Әуезовті қазақ этногра­фия­сының негізін салушы деп айтуға толық негіз бар. 50 томдықтың 10 томынан астамы – еш жерде жа­рық көрмеген қолжазбалар. Әуезовтің қол­жаз­балар қорында қазір 500-ден астам папка бар. Ара­сында араб, латын графикасымен жа­зыл­ған­дары да бар. Кезінде осы себептен де, бір жағы, олар кириллицаға түсірілмей қалып қойса, екін­ші­ден, идеологиялық та кедергілер болған.
Ұлан-ғайыр еңбек, томдықтарды құрастыру 1997 жы­лы жазушының 100 жылдық мерейтойы қар­са­ңын­да басталса керек. Бірінші том сол 1997 жылы жарық көре бастаса, тағы екі том келесі жылында шық­қан. Сонда 50 томдықты құраудың өзіне 14 жыл кетсе, өзінің 64 жылдық ғұмырында осыншама ұшан-теңіз еңбек еткен Мұқаңа таңданбай көр.
Ал әттеген-ай дейтін бір үлкен жайт – кітаптың таралымы: небәрі 2000 дана ғана. Демек, тек еліміздің басты кітапханаларына ғана жетеді деген сөз. Теңгенің сыңғырына тамақтың иісін ғана сатып алған Қожа­на­сыр сынды, 50 томдықтан құлақтанған елдің сол құлақ­тан­ған күйінде қалатыны өкінішті-ақ...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста