Елу жылдың телешежіресі шексіз

Елу жылдың телешежіресі шексіз

Қазақстанда 1958 жылы орталық теледидар пайда болса, бұдан екі жылдан кейін аймақтар арасынан алғаш болып Ақтөбеде облыстық телестудия құрылды. Мұрағат деректеріне қарағанда, бұл іс 1960 жылдың мамыр айынан бастап қолға алынған. Осы жылдың 28 қазанында Ақтөбе арнасы хабар тарата бастады. Телестудияның алғашқы директоры болып Владимир Иванович Бабак тағайындалған.
Аймақтық телеарна жарыққа шық­пастан бұ­рын оның штаттық кестесі, әкімшілік құрамы, көркемдік кеңесі алдын ала қатаң коммунистік тәртіппен бекітілді. 50-ден астам адамның ара­сында кейі­нірек көрермендердің көзайымына айналған тұңғыш екі диктор да болды. Олардың бірі – Мәриям Айымбетова. Ал студияның ал­ғашқы өндірісіне белсене араласқан жазушы Тобық Жармағамбетов пен журналист Жандай Тәуке­баевтар облыстық телевизияның негізін қалау­шылар атанды. 1970 жылдан бастап теле­визия жаңа жабдықтармен, қажетті құрыл­ғылармен толықты. Телеарнаның шығармашылық ұжымына да тәжірибелі мамандар келе бастады. Күрделі телехабарлар, деректі фильмдер түсіріп көрер­менге ұсыну мүмкіндігі туды. 70-жылдар­дың соңында жергілікті арнаның жаңалықтар қыз­меті бейнекамера емес, фотопленкалар­ды пай­да­ланып отырғанына қарамастан, 2000-ға жуық   ақпараттық    материалды   эфирге     шығар­­­ған. Ә.Мұ­­ха­­меджанов, Н. Телеуов, Қ.Хайруллин, З. Құл­­­жа­нов, Т.Меңдіғалиев, К.Ишмухамбетов, Ш.Мәм­бетов, Б.Теміров, Б.Көздібаева, А.Сма­ғұлов, Ұ.Төлебаев, О.Бекбағанбетов секілді ре­дак­торлар, Р.Гиреев, Н.Жиен­ғалиев, Қ.Айтқұлов, Ә.Әуе­сов сияқты режиссерлер  мен М.Айым­бетова, Р.Әбдірах­манова, И.Ушанов, А.Немкова, В.Нез­ванкина, Б.Ізбасқанов, И.Қа­зиева, А.Құ­ра­лова сынды дикторлар, Ф.Тарасенко, А.Бикешев, В.Аму­­ленко, А.Толочков. Ю.Зуб­ков, С.Терещенко сияқты киноопера­торлар бар саналы ғұмырын осы телеарнаның өркендеуіне арнады. Ақтөбе телеарнасы Мәскеудегі орталық теледидар үшін де хабарлар түсірді. 1985 жылы Ақтөбе арнасында ақындар айтысы ұйым­дастырылып, халықтың есінде мәңгі қалды. Дәл осы жылы теледидар түрлі-түсті картинамен жұмыс істеуге көшті. Арнаның тарихын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені ол күнделікті тірлікпен, заман ағымымен, тарихпен, теле­визияның даму дәс­түрлерімен бірге жетіліп отырды. Ал әр кезеңде мұнда талай шығар­машылық иесі еңбек етті. Көрерменге адал қызмет істеді. 90-жылдары ескі бейнекамералар жаңа формаға ауысты, арнаның өзі метрлік диапазонға көшті. 2000 жылдары компью­тер мен цифрлы жүйе келді. Ғарыштық стансының көмегімен аймақтық телеар­наның хабарларын облыстың түкпір-түкпіріне тарату мүмкіндігі ұлғайды. Ал осы жарты ғасырлық тарихи кезеңде аймақтық телеарна еліміздің батысындағы маман даяр­лайтын ірі орталыққа айнала білді. Бұл жерден кезінде Мәриям Айымбетова, Қажы Қорған, Бақыт Жанғалиева сынды ел мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткерлер түлеп шықса, бүгінде сол үрдіс үзілмей, рес­публикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Дмитрий Двойнев, Арайлым Рашитова, Мирбек Тұрмағанбетов, Гүлбарам Меңдеева, Талғат Құспаев, Жайнагүл Төлемісова сияқты ақтөбелік жас журналистер қызмет етіп жүр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста