Эмиграциядағы Оспан батырды отаны ұлықтай ала ма?

Эмиграциядағы Оспан батырды отаны ұлықтай ала ма?

Қазақ оқырманы тағы бір құнды еңбекпен қауышты. Мұхиттың арғы жағында жатқан алпауыт Америка ғалымдарының өзі (Линда Бенсон, АҚШ) «қазақтың алтын аңызы» деп тамсанған әйгілі Оспан батыр туралы «Азаттықтың өшпес рухы» атты кітап оқырманға жол тартты. Оспан батырдың үзеңгілес серіктерінің бірі әрі ол бастаған азаттық күресінің басынан аяғына дейін қатысқан Нұрқожай батыр Молдажанұлының естелігі негізінде жарық көрген аталмыш кітаптағы деректер бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Ғылыми айналымға тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Жуырда Астанада өткен осы кітаптың та­ныс­­ты­рылы­мына Түркиядан белгілі та­рих­­шы Әб­ді­уа­қап Қа­ра ат ары­тып а­рна­йы ке­­ліп­ті. Оның арнайы келуінің сыры – кі­тапты әзір­леген, ғы­лы­ми тү­сі­нік­терін жаз­­­­ған, қол­жаз­ба­ны төте жазудан қазіргі ки­­­­рил­ли­ца қа­р­піне тү­сір­ген осы кісі. Бүгін­де­­рі Түркиядағы Ми­мар Синан көр­кем­өнер университеті­нің профессоры, та­рих ғы­­лы­­мы­ның док­то­ры. Оның айтуын­ша, бұл еңбек Оспан ба­тырды бізге бей­мә­­лім жа­­­ңа қы­рынан та­­ныс­­ты­рады жә­не қа­зақ та­­­ри­­хын то­­­лық­­­ты­­ра тү­се­ді.
Шындығында, америкалық ғалымдар айт­са айтқандай, Оспан батыр тарихта аңыз­ға бергісіз із қалдырған тұлға екені дау­сыз. Ол Алтай қазақтарының азаттығы үшін күресіп, тәуелсіз Шығыс Түркістан мем­лекетін құруды мақсат тұтты. Құрды да. Ғұ­мы­ры­ның қысқалау болғаны бол­маса. Сөйт­кен батырдың биыл – 110 жыл­дығы. Қа­зақ­тың азаттығы үшін Иосиф Ста­лин, Мао Цзэдун, Чан Кай­ши секілді азуы алты қа­рыс алпа­уыт­тар­мен алыс­қан Ос­пан ба­тыр­­ды өз елімзде – Отанында ұлық­тай алар ма екенбіз?!
Астана қаласындағы «Руханият» ор­та­лы­ғының мұрындық болуымен өткен кі­тап­­ты таныстыру шарасы батырды өз Ота­нын­да ұлықтай бастаудың басы секілді. «Бұл шараның басты мақсаты – қазақтың кү­рес­керлік тарихындағы айбынды тұл­ға­лар­дың бірі Оспан батырдың қа­һар­мандық бей­не­сін, адамдық өмір жолын жұртшылыққа та­ныту. Біз білмейтін, жалпы та­рих­қа ен­бе­ген жаңа қырларынан ашу, жастардың па­триот­тық сезіміне рух беру», – дей­ді филология ғылымының док­то­ры Рым­ға­ли Нұр­ға­ли. 
Әбдіуақап ҚАРА, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, түркітанушы:
– Тарихты дәріптеу – біз үшін па­рыз. Тарихты тану арқылы тәлім аламыз. Кітаптың өн бойы тұ­нып тұрған шындық. Нұрқожай ба­тыр­дың көрген-білгендері баян­­да­­лады. Оспан батырдың қа­сын­да сегіз ко­мис­сары болған екен. Сон­дай-ақ ол осы сегіз се­рі­гінен тірі қалған жалғыз куә іспет­тес. Басқасы майданда шейіт бол­ған. Нұрқожай батыр сонымен қа­тар Оспан батыр армиясының штаб бастығы болғаны белгілі.  Соғыс қимыл­да­рын, жоспарларын сол кісі бас­қар­­ған.  Оспан батыр туралы бізге көп мә­­лі­мет жеткізіп отыр. Кітапқа ешкім бі­ле бер­мей­тін дүниелер еніп отыр деуі­міз­дің сыры осын­да.  Сонымен қатар бұл кітап ауыз­екі тіл­де жазылды. Қолдан кел­генше сол кі­сі­нің ай­туы бойын­ша тү­­сі­руге тырыс­тық. Ата­мыз өте зерек, шешен адам болған екен. Сондай-ақ кітап соңында Нұрқожай ба­ба­мыздың көзі тірісінде жазылған қол­жазбаны қоса беріп отырмыз. Бұл – зерт­теу­ші­лер үшін таптырмас құрал.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста