Ең көп табыс алып келген қазақстандық фильмдердің тізімі жарияланды

Ең көп табыс алып келген қазақстандық фильмдердің тізімі жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі нарықта сұранысқа ие, өзінің материалдық және материалдық емес дивиденттерін әкеле бастаған табысты қазақстандық фильмдер тізімін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісі.

«28 панфиловшы» фильмі бұл өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокаттың көшбасшысы. РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кинокартина прокаттың стандартты мерзімдерін бұзып, бір ай бойы көрсетілді.

Кассалық түсімдер барлық өнідіріс шығындарын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстандағы кассалық түсім 61, 3 млн. теңге (11,2 млн. рубль) жинаған. Кино қорының хабарлауынша, Ресейдегі кассалық түсім 361 млн. рубльді (1,96 млрд. теңге) құраған. Ендігі қадам халықаралық кинонарыққа шығу, әсіресе Қытай халқы фильмге аса қызығушылық танытып отыр. Режиссер Сергей Снежкин түсірген «Көшбасшы жолы» - «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін де табысты жобалардың бірі деп атауға болады.

Фильмнің премьералық көрсетілімі Франция, Ресей, Қытай, Грекия және Гонконгта өтті. Телевизиялық прокатпен ресейлік «Дом кино», «Мир 24» арналарында және Грузия, Армения, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанды қамтитын «Первый канал. Время» бүкіләлемдік желісінде көрсетілді. Польша, Беларусь, Украина және ТМД елдерінде көрсету жоспарланған.

Жалпыұлттық прокат көшбасшыларының үздік бестігіне Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы енді. Фильм прокатта рекордты екі ай жүрді және көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ялтадағы «Еуразиялық көпір» кинофестивалінің Гран-при иегері атанды. Өткен жылдың қазан айында картина Лос-Анджелесте көрсетіліп, батыс баспасөзі мен жергілікті қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

Алғаш рет әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» көркем фильміне берілді. Фильм Еуразия халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі деп танылды. Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасы «Оскар» жүлдесінің «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына үміткерлер тізіміне енді. Оңтүстік Кореяда 20-шы Пусан халықаралық фестивалінің (2015 ж.) «Жаңа ағым» бөлімінде Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Биыл «Оскар» жұлдесін алған режиссер Эдом Джонс пен голливудтік Кэри Гранат «Әміре» фильмін ұсынғалы отыр. Рүстем Әбдірашевтың «Алмас қылышы» («Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы) Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ең үлкен тарту болды. Картина еліміздің барша кинотеатрларында көрсетіліп жатыр және қазақстандық көрермендердің жоғарғы бағасына ие болды.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста