«Еңлікгүл-2014» сыйлығы кімдерге бұйырды?

«Еңлікгүл-2014» сыйлығы кімдерге бұйырды?

Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 27 наурызда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында  Халықаралық театр күніне орай  «Еңлікгүл-2014» Театр өнерінің Кәсіби Сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты кешке «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Республикалық деңгейде өткізілген бұл салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласының әкімшілігі, аталмыш салтанаттың бас демеушісі «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның өкілдері мен республикалық театрлардың көркемдік жетекшілері мен директорлары, Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшелері қатысты. Кеште қазақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Сонымен қазылардың шешімімен келесі жеңімпаздар белгілі болды.
«Жылдың ең үздік актері» номинациясын М.Әуезов атындағы Қазақ мемелкеттік академиялық драма театр актері азамат Сатыбалды жеңіп алды.  «Жыл актрисасы» Ақмола облыстық драма театрының актрисасы Людмила Скуратова-Недзельская атанды. 
«Жыл режиссері» атағын Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрның режиссеры Оксана Малушева иеленді.   
«Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін» М.Әуезов атындағы театрдың ақ жаулықты анасы 99 жастағы Хабиба Елебекова марапатталды.
«Жылдың опералық (оперетта), балеттік партиясы» үздігі деп Қарағанды облыстық музыкалық-комедиялық драма театрның орындаушысы Амантай Ибраев танылса, «Балаларға арналған спектакльдегі жылдың шығармашылық жұмысы» (қуыршақ, балалар және жасөспірімдерге арналған қойылымдар) номинациясы бойынша Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Юрий Гнусарев үздік атанды.
«Жылдың театр суретшісі» номинациясына Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай театрының суретшісі Бақыт Срайылов лайық деп табылды.
Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері:
«Жыл драматургы» – Ахметжан Аширов
«Жылдың театртанушысының мақаласы» – Айжан Ахмет, театртанушы
«Жылдың театр менеджері» – Қостанай Орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев
«Жылдың музыкалық көркемдеушісі» – Георгий Юн, Республикалық музыкалық Кәріс театры 
«Жылдың суретші-гримері» – Айжан Әлжанова, Ж.Шанин атындағы ОҚО драма театры.
Сондай-ақ көптеген театр актерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста