«Ер-Тұран» тұсауын кеседі

«Ер-Тұран» тұсауын кеседі

Бүгін Алматыда «Тұран» этнофольклорлық ансамблінің «Ер-Тұран» атты жаңа күйта­бағының тұсаукесері өтеді.
Тұсаукесер барысында жаңа күйтабақ­қа енген композициялар орындалады.
Олардың ішінде «Ер-Тұран», «Мұқа­ғали толғауы», «Жарапазан», «Қайыстың зары», «Ортеке», «Аққу» «Аңшылық», «Елім-ай», «Шилі өзен», «Қаражорға», «Іңір» деп аталатын қазақтың халық әндері мен авторлық шығармалар бар. Ерекше ұлт­тық нақышты жандандырып жүрген ансамбль Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұ­ханбетов, Хорлан Кәртенбаева, Се­рік Нұр­молдаев, Абзал Арықбаев есімді жас таланттардан құралған.
«Тұран» этнофольклорлық ансамблі осы топ мүшелерінің бастамасымен 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерінен құ­рылған. Ансамбль халық аспаптар ор­ын­даушыларының Халықаралық конкурстары мен фестивальдарының лауреаты атанған және елімізден тыс Франция, Израиль, Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Испания, Өзбекстан елдеріндегі беделді концерттерге қатысып жүр.
Өткен жылы ансамбль «Тұран» деген атпен тұңғыш CD жинақ шығарған болатын. Консерватория ректоры, әйгілі музыкант Жәния Әубәкірованың қамқорлығымен үлкен өнерге жаңа қадам басып келе жат­қан топтың бұл тұңғыш жинағын шыға­руға «Классик. КZ» ақылы радиосы, EL продюсерлік орталығы, «Қазақстан-Ре­кордс» студиясы қол ұшын берген. Бұл жол­­ғы музыкалық жинақтың шығуына Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры демеушілік жасаған.
«Ер-Тұран» жинағының тұсаукесері Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орналасқан ғимаратта (Махатма Ган­ди к-сі, 10-үй, басталуы  19:00-де) өтеді. Ұлт­тық музыкалық мұ­ра­мызға бейжай қарамайтын өнер­сүйер қауымға есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста