Ербол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, әнші: Ұлттық өнерге бетбұрыс байқалып келеді

Ербол ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, әнші: Ұлттық өнерге бетбұрыс байқалып келеді

Алдағы дүйсенбі 5 желтоқсан күні, сағат 19.00-де Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында талантты жас әнші Ербол Құдайбергеновтің жеке концерті өтеді.


Бұл – «Сарыжайлау», «Ақмаңдайлым», «Кегенге кел», «Меркi» әндерiн нақышына келтіре орындап, өз тыңдарманын тауып үлгерген өнерпаздың халық алдында тұң­ғыш шығармашылық есеп беруі.
Ерболды бірінші рет көріп, әнін тың­даған адам оны бірден қазақтың көрнекті әншісі Нұрғали Нүсіпжановқа ұқсатады. Шынында да, Ерболдың кескін-келбеті, сах­нада өзін ұстауы және ән айту мәне­рі тіп­ті дауысының кейбір ырғақтары Нұр­ға­ли ағаның болмысына келіңкірейді. «Бол­масаң да ұқсап бақ» дегендей, Ербол осы жолы жеке концерті барысында өзі өнер өлкесінде ұстаз тұтып жүрген Нұр­ғали аға­сымен сахнада қатар тұрып ән шыр­қауды жоспарлаған екен. Алайда әнші ағамыз денсаулығына байланысты ол кон­цертке қатыса алмайтындығын жеткізген. Де­генмен кейінгі концертті шараларда бірге көрінетіндіктеріне уәде етіпті.
Өнердегі әріптестері Ерболдың дауысында да ерекше табиғи бояулардың мол екенін айтады. Бұл оның – қарағайлы орманы бар таулы өлкеде туып, көгілдір Көл­сайдың толқынында тербеліп, өнер тұнған отбасынан өсіп-өнгендігінен болса керек. Бас-аяғы екі жарым сағатқа жос­пар­ланған музыкалық кеште Ербол бар­лық әндерді жанды дауыспен орын­да­мақ. Кеш барысындағы әндердің біразы «Қа­зақ­концерт» өнер бірлестігінің жаны­нан құралған «Әлқисса» ансамблінің сүйе­мел­­деуімен шырқалмақ. Талантты әншінің тұң­ғыш жеке концерті ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына тарту ретінде өткізілмек.
Ербол Құдайбергенов, әнші:
– Әр әншiні көпке танымал ететін, ерекше орындайтын бiр әнi болады. Менi қазақ тыңдарманына танытқан – «Кегенге кел» әнi. Менiң репертуарымда шырқалатын әндердiң барлығы дерлік дәстүрлi өнерге жақын, ұлттық сипаттағы әндер. Өкінішке орай, бү­гінде дәстүрлi өнердiң жарнамасымен насихаты тым аз. Бірақ соңғы уа­қыттарда біздің қоғамда ұлттық өнерге бетбұрыс байқалып келе жат­қандай...

Өмірдерек
Ербол Құдайбергенов Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында туған. Ауыл мектебін бітірген соң Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледжден қылқобыз сыныбында оқып, арнайы музыкалық білім алған. Кейін оқуын Ұлттық консерваторияда жалғастырған. Алайда жастайынан үлкен сахналарға аңсары ауа берген ол кейін ақыры әншілік жолды таңдаған. Бүгінде бiр ұл, бiр қыз тәрбиелеп отыр. Жары –дәрiгер.

Алда болатын концертіме халық көп жиналатын сияқты. Қазірдің өзінде билеттер түгел сатылып кетіпті. Бұған өзім іштей ризашылық танытып отырмын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста