Ерболат Құдайберген: "Димашты тойға ән айтуға шақырмас едім"
Таяуда Ерболат Құдайберген белгілі журналист Зарина Мүсілімнің “Сөккен әңгіме” бағдарламасына қонаққа келіп сұхбат берген еді. Қазіргі таңда қазақ эстрадасынан аулақта жүрген белгілі этнорэпер әңгіме барысында әлемді көмейіне қаратып жүрген Димашқа қатысты пікірін білдірді.
«Димаштың орындау шеберлігі дәстүрлі емес, бірақ ол бізді әлемге танытып жатыр. Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды. Еркектің даусы тенор болу керек. Мысалы, Димаштың даусы сопрано. Ол таңғаларлық жағдай. Тарихқа жүгінсек, 2-3 ғасырда бір туатын балаларда болатын дауыс”, – деп түсіндірді ол.
Мақтан тұтамын, бірақ оның әндерін тыңдай алмаймын! Ерболаттың Димаш туралы пікірі осындай.
“Мен оны бауырым деп, тегіміз бір деп қанша сыйлағаныммен, оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын. Димаш тыңдайтын әнші емес, байқаудың әншісі. Шетелге апарып көрсететін, мақтан тұтатын әншілердің бірі. Бірақ мен Димаштың әндерімен оны тойға шақырмас едім», – дейді Құдайбергенов.
Дереккөзі: Зарина Мүслім / YouTube