Ерболат Төлеген: Бір ата мені шынында да кемпір екен деп тиіскен еді

Ерболат Төлеген: Бір ата мені шынында да кемпір екен деп тиіскен еді

Әзіл әлемі театрының актері, әзілкеш, ел арасында "Шімән" образымен танылған Ерболат Төлеген өнері қадам басқан сәтінен бүгінгі жетістікке қалай жеткенін айтты.
Актер нағашы әжесінің образы арқылы көлік те алып, үй де алып, ағайынына да көмек қолын созып жүр.

"Бұл образ менің нағашы әжемнің образы. Мені нағашы әжем асырап жүр. Анам кейде "анамның арқасында ақша тауып жүрсің, салық төле маған" дейді. Әжеме қарап, әжемнің іс-қимылын көріп, даусын салып алғанмын. Өзімнің де алып-қосқан жерім бар. Нағажы әжемнің алдына бірде солай киініп бардым. "Шімәнмін" деп өзімді таныстырып жатырмын. "Қай жақтың кемпірісің?" деп жатыр. Шымкентті кемпірімін. 8 балам бар деп біраз әңгіме айттық. Мені танымады. Бір кезде киімімді шешіп, Ерболат болып келдім. Сөйтсем "жаңа бір кемпір келді. Көрші үйге келген бе, не деген семіз кемпір еді өзі" деп жақтырмай отыр. Ол кезде менің салмағын 120 келі болатын", - деді Ерболат Төлеген.

Ерболат Ақтөбе облысының Шалқар ауданының тумасы. Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы академиясында оқыған. Бастапқыда "Мафия мен тақия" театрында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап "Әзіл әлемі" театрында өнер көрсетіп келеді.

"Кемпір рөлінде жол полициясына да ұсталған кезім болған. Бірде жаңа жыл қарсаңында бір кісілерде құттықтайын деп сол киіммен көлік айдап бара жатқанмын. Полиция тоқтатты. Жаныма келіп селк ете қалды. Ол кезде менің әлі танылмаған кезім. "Апа, қайда бара жатырсыз?" деді. Балаларымды құттықтауға бара жатырмын дедім Шімәннің даусымен. Жолыңыз болсын деп шығарып салды. Қүжаттарымды да сұраған жоқ", - дейді актер.

Әзілкештің басынан небір қызықты жайттар өткен.

"Бір тойда бір ата мені шынында кемпір екен деп тиіскені бар емес пе? Мен қоймаған соң орамалымды шешіп, кемпір емеспін десем, кәдімгідей ренжіп жүр", - деді әзілкеш.

Әзілкеш өзінің Шімән образымен ұятқа қалған жағдайларын да жасырмайды.

"Бірде бір танысым тойға кіріп ойнап берші деп өтінді. Сыйлық ретінде мені шақырыпты. Бірақ той иелері орыс тілді қазақтар екен. Аты ғана қазақ болмаса, қазақша түсінбейтін адамдар екен. Мені көшеден кіріп кеткен кемпір екен деп ойлады. Ортаға шығып сөйлей бастап едім, "Вы кто?" деп әйелі жетіп келді. Мен Арманның кіндік шешесімін десем, кіндік шешенің не екенін ұқпайды. Мен солай сасқанымнан бата беріп шығып кеттім", - деді әзілкеш.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста