Ерекше шыршалар (ФОТО)
Қазір жаңа жыл шыршасы — мереке сәні ғана емес кейбір компаниялар үшін клиенттеріне арналған ақпараттық нышан немесе жарнама. Сондықтан қазір сауық орталығы болмаса супермаркеттерден ағаш шырша емес түрлі заттан құрастырылған жасанды шыршалар көп көреміз. Ендеше ресейлік adme.ru сайтындағы осындай «біртүрлі» шыршаларды шолып шықсақ.
Литваның Каунас қаласында дизайнер Иоланта Сидтин пластик бөтелкеден экологиялық шырша тұрғызды
Дүкеннің азық-түлік таситын арбасынан суретші Энтони Шмит (АҚШ, Санта Моника) биіктігі 10 метр шырша жасаған. Оған 86 арба кеткен.
Тек қана виски шығаратын қалада 140 ішімдік бөшкесінен шырша тұрғызылды (АҚШ Линчбург, Теннеси штаты)
1000 сыраның бөтелкесінен құрастырылған жасыл шырша (Қытай, Шанхай қаласы)
Суретші Томас Дейнингердің CD дискілерінен жасаған шыршасы
Әбу Дәбидегі қонақүйде орнатылған шырша. Ол танымал бренд зергер бұйымдарымен әшекейленген ( құны 11 млн доллар)