"Еріндерінде граната жарылғандай": Динара Сұлтан пластикаға құмар қыздарға ақылын айтты

"Еріндерінде граната жарылғандай": Динара Сұлтан пластикаға құмар қыздарға ақылын айтты

 Динара Сұлтан жас кезінен бастап, пластикалық ота жасатуға құмар аруларға кеңес берді. Бес баланың анасы ерні мен төсін үлкейтіп, майын сорғызатын бойжеткендерге өз ақылын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы кезінде бет-әлпетіне өзі де түрлі өзгеріс жасап көргенін жоққа шығармады. Алайда ол уақыт өте келе табиғилық әлдеқайда маңыздырақ екенін түсінгенін айтады.

Динара Сұлтан Instagram  парақшасында жас қыздарға пластикаға жүгінбей-ақ әдемі болудың әдіс-тәсілдерін келтірді.

"Жас қыздардың пышақтың (пластикалық ота) астына жатуы дұрыс емес деп ойлаймын. Табиғи әдемілік әр адамға берілген. Сол табиғилықты қалайда ұзаққа созуды ойластыру керек. Ол меніңше спорт, дұрыс тамақтану, бет терісіне массаж, маскалар жасау, және өз-өзіңмен гармонияда болу.
Ал жас қыздар болса жүгіріп, ернін өсіреді, артық майын сорғызады, көкірегін үлкейтеді т.б. осы оңай және тез жолы екен деп кейде алданып қалып жатады. Иә, кейде сәтті шыққан дүниелер де бар шығар. Бірақ, мен үшін бәрі бір-біріне ұқсап кеткендей. Бір кісі айтқандай "еріндерінде граната жарылғандай".
Мен өмірімде өзіме ештеңе жасатпадым деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Жастық-шақ бабымен шашыма тыным бермегенім бар. Неше-түрлі түске де боядым, қидым, өсірдім. Қасыма мода деп татуаж да жасаттым. Одан ол татуажбен алысып, лазермен кетіріп, қасымды бірнеше жыл өсірдім" , - деп ағынан жарылды әнші.
Өнер иесі тұрмыс құрып, 23 жасынан бастап өзінің табиғи сұлулығына аса үлкен мән бере бастағаынн жеткізді.

"Қазір 32-жасымда шашым да, қасымда, кірпігім де, ерінім де, көкірегім де өзімдікі деп айтсаң ешкім сенбейді. Жас, әдемі, қазақ қыздары өз табиғи әсемділігіңізді ұзаққа сақтап қалуға тырысыңыз. Әлі бәрі алда" , - деп жазды отандық жұлдыз.

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста