Ерке Есмахан араб жігітін ұнатып қалғанын айтты
Шетелге шықса ұлы Мүсілімді де жанына ерте кететін Ерке Есмахан бұл жолы қызықты бір сәтке куә болды. Дубайда жүрген әншінің жанына араб жігіті кеп, көмек қолын созған. Сондағысы, баласының бас киімін түзеуге көмектесіпті-міс. Ал, Ерке болса, ер адамды бір көргеннен ұнатып қалғанын жасырмады.
«Сөйтіп, не керек, жұма намазда көптеген тілегімізді тілеп Мүсілім екеуміз мешіттен шықтық. Бір кезде алдымыздан бейтаныс араб жігіті шығып, менімен сәлемдесіп, Мүсілімнің қалпағын дұрыстап кигізіп жатыр. Өзімен-өзі!
Өлә сонда мешіттен шықпай жатып армандар орындалып жатыр ма?» деп қоямын. Армандардың арасында болды ғой енді, жақсы бір жігіт болса деген тілек! Майысуды қатырып тұрмын!️
Бір ойым, соңғы кезде ханзада туралы көп айтып едім мына жігіт Дубайдың ханзадасы емес пе?
Көзілдірігімнің артынан сығалап келбетіне қарап. Дубайдағы жарқын болашағым елестеп, қиял әлеміне еніп кеттім ғой...
Қасында екі кішкентай ұл бар екен. Ту, інілері шығар деп іштей өзімді жұбатамын әлгі жерде.
Әйтеуір не керек, мені қазақтар арабқа бермейтін шығар деп дәмемді үзе салдым!
Көзбен тілдесіп, раxмет айтып, фотоға түсіп, тіл білмегеннің кесірінен сөйлесе алмай, қоштастық.
Кездесу мен қоштасудан тұратын өмір-ай!», – деп өкінішін жазды әнші желідегі парақшасына.