Ерке Есмахан "Келінжан" сериалына түспек

Ерке Есмахан "Келінжан" сериалына түспек

Ерке Есмахан көрерменнің көзайымына айналған "Келінжан" телехикаясында бой көрсетпек. Әнші сериалдың төртінші маусымына түседі. Айтуынша, түсірілім жақын күндері басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жуырда түсірілім күндерім басталады. Өзім қобалжып жүрмін. Хит сериалға түсетініме қуаныштымын", - деп бөлісті әнші. 

Айта кетейік, бұл Еркенің кинодағы алғашқы тәжірибесі емес. Ол 2018 жылы "Махаббат кафесі" атты жеке фильміне продюсерлік етті әрі өзі басты рөлді сомдады. 

Бұдан бөлек, әнші Instagram оқырмандарын толғандыратын өзге сауалдарға жауап берді. Ол үй шаруасымен мүлдем айналыспайтынын айтты. 

 

"Иә, мүлдем жасамаймын. Жасайтын адамдар бар. Неге жасамайсың деп ренжіп жатқан ешкім жоқ. Өзім қожа, өзім би", - деді ол. 

Әнші мұндай күнге жету үшін біраз еңбектенгенін айтты. Ал тұрмыс құрған жағдайда, "бір күйеудің бабын табармын" деп қысқа қайырды. 

"Мен үй жұмысы, тазалық, ас үйдің шаруасы, қонақ күтуге мықтымын. Тек еңбектеніп, табыс тауып, өзімді ештеңе істемейтін статусқа жеткіздім. Шүкір. Ақша төлесең, қазір бәрін жасап береді. Ал бір күйеудің шаруасын шешермін, уайымдамаңыздар", - дейді Есмахан. 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста