Ерке Есмахан өзін сынаған тыңдарманға ренішін жеткізді (видео)
Ерке Есмахан отандық шоу - бизнестегі әншілерді арзан әрі жеңіл-желпі ән айтады деп сөккен тыңдарманына ренжіп қалды. "Гәкку" арнасының "Follow Wars" бағдарламасына келген әнші өзін қатаң сынаған тыңдарманға жауап берді.
"Бізде шынайы талантты әншілер жоқтың қасы! Сол себепті осындай арзан мақтанға салынатын ысқырғыштар туралы жазуға тура келеді... қайғылы",- деп жазған тыңдарман.
Ерке болса өз кезегінде өздерін ысқырғышқа теңеген Игорь есімді тыңдарманға бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес екенін айтты.
"Өліп -тіріліп, ұйықтамай арлы - берлі жүресің, бірдеме жасайсың да. Сол еңбегіңнің бәрін осылай нөл қыла салады өстіп. "Свистульки" деген не бәле ол? Айналайын, кукуруз бағып жүрген ешкім жоқ енді. Біз де еңбегімізді сіңіріп, не болса да арлы -берлі жұмысымызды жасап жүрміз. Біреудің көңілінен шығар, біреудің көңілінен шықпас. Игорьжан, айналайын аман бол! Сіздің көңіліңізден шықпаса ренжімеңіз. Алда әлі тағы да әндер шығады. Мүмкін солар ұнап қалар. "Тыңдауға мәжүр боласың",- дейді. Неге мәжбүр болып жүрсіз? Ауыстырып басқасын тыңдаса болмай ма? Таңғаламын мен",- деді Ерке.