Ерке Есмаханның талтайып отырған суреті желіні шулатты
Көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Ерке Есмаханның суреті желіні шулатты. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Гәкку дауысы" фестивалі осы жаздың ең айтулы оқиғаларының бірі болды.
Дайындығынан бастап, концерттің өтуі, саxна, дыбыс, өнерпаздардың әндері мен қойылымдары - бәрі өзгеше болды.
Біздің шоу-бизнес дамыған деп айтуға болады осыдан кейін... Бізде талантты өнерпаздар өте көп және "Гәкку" көрермендерінің талғамы биік!
Дәл осы фестиваль маған үлкееен шабыт берді. Бұл арна мен үшін ыстық. Әрқашан қолдауға дайынмын. Мені де қолдап жүретін "Гәккуге", Тимур мырзаға үлкен алғыс айтамын!
Осы шабытпен жақын арада жаңа ән мен бейнебаянға кірісу керек сияқты.
PS: Ерке, не отырыс мынау, тәлпіш!", деп жазып, сүретін салған Еркенің оқырмандары аяусыз сынады.
"Халықтан жаман сөз есту керек", "Голлыййй түсіп қойсай, коммент мықты болады", "Отырысың ерсі көрінеді", "Талтайып неге отырсың", "Менің де көзім бірден отырысына тусті! Ұят-ай ! Халық алдында жүрген сон сыпайы болу керек қой!!! Осы Еркеге қарап кішкентай қыздар еліктейді ғой" деген пікірді оқырмандар жарыса жазды.