Еркеш Хасен Қайрат Нұртасқа не себепті әнін бермегенін айтты
Жастар арасында танымал "Көзің әдемі", "Қызым", "Анашым" әндерінің авторы әрі орындаушысы Еркеш Хасен Қайрат Нұртасқа не себепті әнін бермегенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатта айтты.
"Анама әні коммерциялық ән емес. Жан дүниеммен жазылған ән. Арасында өзім де тыңдап аламын. Өзім үшін жазылған ән ғой. Жақында осы әнді естіп, Қайрат Нұртас ағам видеомен хабарласты. Мына әнді мен де үй жақта айтып жүрейінші минусовкасын берші деп айтып қалды. Мен ол әннің кішкене ырымы басқаша. Айтпай-ақ қойыңызшы анаңыз аман-сау жүр ғой дедім", - дейді әнші.
Әнші Сәкен Майғазиевке де бір ән қарыз екенін жасырмады.
"Қазір көп ән жазып жатырмын. Индира Елемеске жазып жатырмын. Сәкен ағаға бір ән жазып беруім керек. Өйткені ол кісі "Көзің әдеміні" айтқысы келді ғой. Мен өзім сұрап алғаннан кейін Сәкен ағаға бір ән жазып беруім керек. Кенжебек ағаға бір ән жазып қойдым, дұрыстап беруім керек", - дейді Еркеш Хасен.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz