Еркін Нұржанов жап-жас қызға қалай үйленді?

Еркін Нұржанов жап-жас қызға қалай үйленді?

 “Жігіттер” тобының экс-мүшесі, әнші Еркін Нұржанов “Той жыры” бағдарламасында құпия ұстаған жеке өмірінің бетпердесін ашып, “әдемі ақ бұлттан жасап алған” жарына қалай қол жеткізгенін баяндады.

Болашақ жарына “көрікті, текті болса” деп талап қойған Еркін Нұржанов сүйіктісін жақсы араласатын ағасының үйінде кездестірген. 7-сыныпта оқитын Динара есімді жас қызға көзі түскен Еркін біраз уақыт бойжеткенмен жақсы араласады.

Кейіннен аға Еркіннің жүрегінде түсініксіз сезімдер пайда болады, ғашық болғанын түсінген әртіс қызға телефонмен үйленуге ұсыныс жасайды.

“Мен жақтан бәленің бәрі. Ұсыныс мен жақтан түсті. Динара да ешқандай қарсылық білдірмеді”, – дейді әнші.

Ал әншінің жары Динара өзінен 14 жас үлкен жігіттің сезімін бірден қабылдай алмаған.

“Басында біртүрлі болып жүрдім. Аға болып жүрді. Кейін сөйлесіп-сөйлесіп үйреніп кеттік”, – дейді 16 жастағы ару.

“Осындай- осындай күні қонам Алматыға дедім де, Шымкенттің салтымен алып қашып кеттім. “шымкентский вариант” деп айтады ғой”, – деді Еркін ұсынысы жайында.

Оңтүстікте дүркіреп өткен тойға шоу-бизнес өкілдерінің түгелі дерлік жиналып, әншінің қуанышына ортақтасады. Еркіннің өнердегі бауыры Төреғали Төреәлі домбырамен ақ келіннің бетін ашады.

Алматының аруына оңтүстікке келін болу оңайға түспеген. Алғашында келіндік парызын өтеуде қиындықтарға тап болған Динара қазір тұрмыстық өмірге төселіп қалған.

Сұхбат барысында Хайыр атты ұлын әке-шешесіне берген жұлдызды отбасы тұңғышын үлкендерден еш қызғанбайтынын айтты.

Nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста