Еркін жырдың егесі еді...

Еркін жырдың егесі еді...

Әдебиетіміз тағы бір қарымды қаламгерінен айырылды. Ұзаққа созылған ауыр науқастан қазақ баспасөзінің ардагері, көрнекті ақын Еркін Ібітанов 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 1935 жылы 6 маусымда Алматы облысы, Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол), Қаратоған ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын бастауыш мектепте ұстаздық қызметтен бастаған. 1959 жылдан зейнетке шыққан 1995 жылға дейін аудандық «Хан-Тәңірі» (бұрынғы «Советтік шекара») газетінде редакцияның бөлім бастығы, редактордың орынбасары болды. Осы редакция жанынан құрылған М.Мақатаев атындағы әдеби бірлестіктің жетекшісі бола жүріп, бүгінгі таңдағы әдебиетіміздегі орны бар ондаған қалам иелерінің қалыптасуына ықпал етті.


Көз алдымда көлеңке өмір – дүлей күн,
Құлағымда сұңқыл жоқтау – үрейлі үн.
Бақытымның балғын көгін жапырып,
Сол күндердің оралмауын тілеймін.
Сондықтан да шайқастардан
шайлықпай
Тыныштықтың күзетінде түнеймін.
Өйткені мен ұрпағыма, жұртыма,
Тыныштықты тілеймін,
Тыныштықты тілеймін...

Еркін Ібітанов

Е.Ібітановтың өлең өлкесіне ә дегеннен өзіндік үнімен келген, қазақ поэзиясында орны ерекше талант иесі болатын. Ол әдебиетімізге 1959 жылы жарық көрген «Көктем тынысы» атты жас ақындардың топтамасында жарық көрген шуақты да, отты өлеңдерімен батыл қадам жасады. Содан соң, сол кездегі әдеби ортаны талассыз мойындатқан, тың тақырыптағы «Қойшылар» атты поэмасымен жарқырай көрінді.
Әдеби ортадан жырақта жүріп-ақ, өрі­сі кең, өрнекті жырларымен оқырман­дар­дың ыстық ілтипатына ие болды. «Арман әлемі», «Хан-Тәңірі қайдасың», «Қасіретті де қасиетті ғасырым», «Елшенбүйрек» атты жыр жинақтары өлеңсүйер қауымның іздеп жүріп оқитын туындыларына айнал­ды. Мұқағали Мақатаев екеуінің ара­сын­дағы ағалы-інілік сыйластық, шығар­ма­шылық достық байланысы айрықша еді. «Мен білетін Мұқағали» атты деректі эссесі ұрпаққа үлгі боларлық тағылымы биік өнеге көрінісі. Көркемдік қуатымен, шынайылылығымен құнды.
Ол ел арасында еңбек ете жүріп, Қа­сиетті Қарасаз өңіріндегі Мұқағали мұра­жайының күрделі жөндеуден өткізілуіне, сол жердегі 1990 жылдары жабылып қал­ған Өнер мектебінің қайтадан ашылуына, бұрынғы аудан орталығы болған өзінің тұрған ауылы Нарынқол көшелерінің то­лықтай қайта жөнделуіне мұрындық болды.
Райымбек ауданының Құрметті азама­ты, М.Мақатаев атындағы Республикалық Қордың және М.Мақатаев атындағы сыйлығының иегері еді. Аяулы жар, абзал әке, немере-шөберелерінің сүйкімді атасы болатын.
Көрнекті ақынның жарқын бейнесі ел есінде ұзақ сақталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста