Ерлан Көкеев ұлының атын кім деп қойды (фото)
"Сол кезде-ақ, ұлымыз болса, осы баланың есімін қоямыз деп ұйғардық"
Анара Көкеевамен сұxбат
Жақында Көкеевтер отбасында қуаныш болғаны дүйім жұртқа белгілі. Танымал әншінің көптен күткен сәбиі дүниеге келгені көпшілікті де қуантса керек. Anabol.kz-те Ерланның жұбайы,музыкант, дұрыс тамақтануды дәріптеуші Анара Көкеевамен эксклюзивті сұxбат.
- Көптен күткен қуаныштарыңыз, ұлды болуларыңызбен құттықтаймын. Үш қыздың әкесі болу бір бақыт, дегенмен, ұлдың орны бөлек ғой. Ерлан аға қандай сезімде?
- Иа, біз үшін бұл үлкен қуаныш, бақыт, ұл баланы күні бүгінге шейін армандап келдік. Міне, тілегіміз қабыл болды. Ерлан да ерекше сезімді бастан кешіп жүр, әрине, көзқуанышымызды көптен бері күткеннен кейін әкесі оған көз тиіп қала ма деп қорқады, осы себептен тіпті, сәбиіміз жайында көп айта қоймайды да.
- Ұл туған әйелге қашанда құрмет көрсетілері хақ. Жолдасыңыз тарапынан қандай сыйлық алдыңыз?
- Қандай-да бір үлкен сыйлық алмадым, дегенмен, болашақта ала жатармын. Ал перзантханадан Ерлан ұлым екеумізді лимузин көлігімен шығарып алып, 101 қызыл раушан гүлімен, қыздарым 101 ақ роза гүлімен күтіп алған болатын.
- Баланың атын қою рәсімі қазақта ерекше аталып өтеді. Атын кім қойды, кім деп қойдыңыздар?
- Біз бұл есімді баяғыда ойластырып қойған болатынбыз. Осыдан 10 жыл бұрын Ақжан есімді сондай жақсы, мейірімді баламен таныстық, өзінің есімі де ерекше еді. Сол кезде-ақ ұлымыз болса осы баланың есімін қоямыз деп ұйғардық. Сонымен қатар, ұлымыздың жарқын жүзді жан болуы мақсатында имам шақыртып «Ақжан» деп азан шақыртып есім бердік.
- Жүктілік кезінде артық салмақ қоспауға бола ма? Ол үшін не істеу қажет?
- Дәл осы кезеңде әйелдердің көбісі артық салмақ қосып алып жатады. Неліктен? Себебі, жүктілік кезінде олар бәрін жей берсек болады деген оймен жүреді. Бұл дұрыс емес.Аяғы ауыр әйел үшін 10-12 кг салмақ қосу ғана норма болып табылады. Ал тым артық салмақ біріншіден, әйелдің өзі үшін ауырлық тудырса, екіншіден балаға қиындау болады.
- Бала және ананың денсаулығы үшін қалай тамақтанған жөн?
- Жүктілік кезінде пайдалы тағамдарды жеген дұрыс. Ең негізгі рационда ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдері болғаны жөн. Сондай-ақ, суды да көп мөлшерде ішумен қатар күніне 5-6 рет жиі тамақтану қажет.
- Өз формаңызға қайта келе алдыңыз ба? Ол үшін не істеу керек?
- Мен жүктілік алдында 50 кг болсам, жүктілік кезінде 12 кг. салмақ қостым, қазір салмағым 57 кг, өз формама бірте-бірте келе жатырмын.
Әрине, қайта өз қалпына келуге болады. Дегенмен, жүктілік кезеңінде тым көп салмақ қосып алған жағдайда салмақ тастау қиын.
- Босанғаннан кейін созылған теріні қалпына келтіруге бола ма?
- Болады. Созылған теріні қалпына келтіру үшін қырық күннен кейін ішті байлап тастау тәсілі ертеден белгілі. Сондай-ақ, жүктілік кезеңінде кокос майын жағып жүрдім және жатыр мойыншығы оңай ашылуы үшін зәйтүн майын да іштім.
- Аталмыш майлардың пайдасы тиді ме?
- Пайдасы тиді. Жүктілік кезеңінің үшінші айынан бастап кокос майын ішіме жаға бастадым, қазір, терім созылудан аман.
- Ал көп әйелдердің бетіне жүктілік кезінде түрлі дақтар шығып кетеді. Оны кетіру тәсілдері қандай?
- Әркімнің терісі әр түрлі, біреудің терісіне дақ шығуға бейім болса, біреуінің жүктілік кезінде терісі тазарып шыға келеді. Десе де, тері құрғайды, шөлдейді, әсіресе, жүктілік кезеңінде теріні қорғап, сақтанып, күтініп жүрген дұрыс. Онымен қоса, ең бірінші, жаз болсын, қыс болсын, күннен қорғану қажет етіледі.
- Аналарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
- Майлыны , қурылған , консервідегі тағамдарды, тәттіні, нан өнімдерін пайдалануға болмайды. Мұның бәрі денсаулық үшін зиян. Тамақты дұрыстап пісіру керек, яғни, тағамның өзін буда, пеште, мультиваркада дайындаған жөн. Күніне 5-6 рет тамақтану керек. Ал қарынды аш қалдыруға болмайды.
- Бала тәрбиесі құрсақтан бастау алады дегенмен келісесіз бе? Сіздің пікіріңіз?
- Баланың құрсақта жатып бәрін сезетіні ғылымда да дәлелденген. Оны жақсы көру керек, еркелету керек, құрсақтағы сәби оның жарық дүниеге келгенін анасының қатты қалайтынын білуі тиіс. Тіпті, құрсақтан бөлек, бала ішімде болмай тұрып, мен Алладан жақсы, дені сау бала беруін сұрадым. Сондықтан да, тілегіміз бен ниетіміздің түзу болғаны дұрыс деп ойлаймын.
- Ұстанатын ұраныңыз?
- Барлығы жақсы болуы үшін көтеріңкі күйді ұстану және бақытты балалар өсіру.
Анар xаным, тілегіңіз қабыл, балаларыңыз бақытты болсын, сұxбатыңызға раxмет!