Ертегі – тәрбие бастауы

Ертегі – тәрбие бастауы

ХХІ ғасыр дамыған технологиялар мен ғаламдық түрлі жаңалықтардың заманы болғалы қашан. Балаларымыз көк жәшіктің ар жағындағы виртуалды әлеммен өмір сүріп, роботтардың санасымен уланып, олардың арасындағы бітпейтін жаһандық соғыстың қимыл-әрекеттерін қайталауға көшті. Түрлі-түсті сиқырлы анимацияның жемісіне дауым жоқ, тек әттеген-айы кейіпкерлердің бойындағы сезімдері мен қылықтарының адамгершілік құндылықтарынан алшақтығы, нәтижесінде ешқандай тәлім-тәрбиелік маңыздың жоқтығы, жақсылық пен мейірімділіктің шуағы сезілмейтіндігі.
Мультфильмге сіңірілген басты идеология жаппай қырып-жою, адамдар арасындағы теңсіздік пен үстемдік, байлықтың соңына түсу, ойдан «өзгеше бір әлем» жасап шығару. Соны көрген сәбидің санасы ерте бастан-ақ уланып, ақ пен қараның шегін ажырата алмай, отбасылық тәрбиеден ажырап, қоғамдағы шынайылықтан аулақ болып өсуі. Осыдан келіп, кеш болса да, ата-бабамыздан қалыптасқан ұлттық салт-дәстүріміз бен менталитетімізге сәйкес рухани құндылықтарды еске түсіріп, балаларымызға үйрете бастадық.
Балаларға ертегі айтып беру, олардың ой-санасының дамуына, көңіл көкжиегі мен танымының өсуіне зор әсер етеді. Күнде кешкісін ұйықтар алдында кішкентай ғана қызым Айнұрым «Әке, маған «Мақта қыз бен мысықты» айтып берші деп өтінеді. Мен оның арқасын сыйпап отырып, «Баяғыда Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бір күні Мақта қыз үйін сыпырып жүріп жерден не тауып алыпты?» деймін. Сонда ол жұлып алғандай «жерден мейіз тауып алыпты» деп қолын шапалақтайды. Мен одан әрі қарай сұрақ қоя отырып, ертегіні жалғастырамын.
Ертегі кейіпкерлерінің өз дауыстарын салып отырып айтып берген ертегімнен соң қызым тәтті ұйқыға кетеді. Осы ертегіні қайта-қайта айтқаннан соң оның санасына жатталып қалыпты. Арасында өзі қосылып та айтып отырады.
Үш жасқа жақында ғана толған қызымның санасының зеректігіне, ертегіні ұмытпай қағып алғанына үйдегілердің бәрі риза болады. Ертегі кейіпкерлерінің дауысын салу арқылы қызымның санасына жан-жануарлар мен аңдардың қалай дыбыс шығаратынын, оларды көргенде дауыстарына қарап ажырата білу қажеттігін ұғындырамын. Өйткені, балалар кітаптан жануарлардың, аңдардың суретін көргенімен олардың қалай дыбыс шығаратынын білмейді. Көру мен есту қабілеті қатар дамығанда барып балалар ажырата біледі.
Бұдан шығар қорытынды – балалар жас кезінен бастап әр нәрсенің өз орны барын, әр заттың өз сыры болатынын, жануарлар мен жәндіктердің, аңдардың қалай дауыс шығаратынын бала кезден біліп өскені дұрыс.
Ертегі - балаларды тәрбиелеудің ең үлкен нәтижелі құралы. Сәби жүрегін кішкентай кезінен бастап адамгершілікке, имандылыққа, тазалыққа, адалдыққа, өмірдің түрлі қиындығына шыңдаудың негізі. Болашақта балаларымыз жақсы азамат болып өсулері үшін осы бастан балаларымызға ертегі айтып берейік...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста