«Ертістің Павлодар өңірі» энциклопедиясы жарық көрді

«Ертістің Павлодар өңірі» энциклопедиясы жарық көрді

Павлодар облысына ұлтжанды ғалым, экономика ғылымының докторы Ерлан Мұхтарұлы Арын әкім болып тағайындалғаннан бері аймақтың эко­номикасымен қатар, әлеуметтік-мәдени өмірінде оң өзгерістер байқалуда.
Облыс орталығында өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш кешені салынды, сондай-ақ ұлттық өнерді әспет­теп айшықтайтын қобыз, домбыра, тайқа­зан, дастарқан, торсық, төсек-орын, жүзік, асық, құлынды бие, тазы ит, бекіре балық, т.б. ком­позициялық мүсіндер орнатылды. Алда­ғы 31 мамырда жаппай жазалау құр­банда­рын еске түсіруге арналған ескерткіш кешені ашылмақшы. Астанадағы «Фоли­ант» баспа­сынан жергілікті ақын-жазушы­лар­дың әр­қай­сының туындылары таралы­мы 1000 дана кітап болып жарық көрді, тұсаукесер рәсімі Елордадағы Ұлттық кі­тап­ханада өткі­зіліп, шараға Мырзатай Жол­дасбеков, Кә­кім­бек Салықов тәрізді көрнекті тұлғалармен қатар, жас қаламгер­лер де қатысты.
Облыс әкімінің тапсырмасы мен тапсы­ры­сына орай, жуырда өңір туралы қазақ тіліндегі тұңғыш энциклопедиялық басы­лым Алматыдағы «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан жарық көрді. «Ертістің Пав­лодар өңірі» атты 770 беттен тұратын эн­цик­лопедия материалдарын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ­ситеті Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тари­хы және этнографиясы ғылыми-прак­ти­калық орталығы «Қазақ энциклопе­дия­сы» редакциясымен бірлесіп дайындаған. Айта кететін жайт, аталған ғылыми-прак­ти­калық орталық бұған дейін ПМУ-дің рек­торы болған Ерлан Арынның бастама­сымен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің, Сұлтан­махмұт Торайғыровтың тұлғалық энцикло­педияларын шығарып, тәжірибе жинақта­ғаны облыстан тысқары өңірлерге де бел­гілі. Орталық енді академик Әлкей Марғұ­лан­ның 110 жылдық мерейтойына орай аса көрнекті ғалымның өмірі мен ғылыми шығармашылығына арналған энциклопе­дия дайындауда.
«Ертістің Павлодар өңірі» энцикло­пе­диясының 2003 жылы жарық көрген орыс тіліндегі басылымнан елеулі айырмашы­лығы – біршама жаңа материалдармен байытылуы. Кітапта 4 мыңнан аса мақала қам­тылған. Аймақ тарихы, экономикасы­ның өсу, мәдениетінің даму кезеңдері жүйе­леніп берілген. Ертістің Павлодар өңі­рі аумағындағы қола дәуіріндегі (б.з.б. 3-мыңжылдықтың аяғы мен 1-мыңжыл­дық­тың басы) мәдени ескерткіштерден бас­тап Мәшһүр Жүсіп кесенесіне дейінгі сәулет өнері жөніндегі мәліметтер, қимақ­тардан қазақтарға дейінгі, бодандық дәуі­рінен егемендік кезеңіне дейінгі тарихи деректер мол орын алған.
Облыс орталығындағы «Достық үйін­де» зиялы қауым өкілдері энциклопедия­ның тұсаукесер рәсімін өткізді. Мәдени ша­раны жүргізген аймақ басшысы басы­лым­ның танымдық қана емес, тәлім-тәр­биелік мән-маңызы ерекше екенін атап көр­сетті:
Ерлан Арын, Павлодар облысының әкімі:
– Энциклопедияны оқыған адам оның мазмұнынан бұрынғы өткен ға­сыр­ларда өлкемізде өмір сүрген адам­дардың жаса­ған еңбектері мен ашқан жаңалықтары ғасырлардан-ғасырлар­ға жалғасып келе жатқанын және оның келер ұрпақтың бай рухани қазынасына айналатынын сезеді. Осылайша, зерде­леген адамдар болашақта бақытты да сәулетті өмірге құштарланады, бір-бі­рі­не қайырымдылық, өзара көмек жа­сап, жалпы, қазақстандық патриотизм ру­хында сыйласуға мүмкіндік алады. Бір сөзбен айтқанда, бұл энциклопедия нағыз энциклопедиялық ұғымдағы мазмұнды басылым болып шыққан. Осы кітап бүгінгі біздің замандастары­мыз үшін де, бізден кейінгі ұрпақтар үшін де аса қажетті де таптырмайтын құн­ды дүние деп санаймын. Бұл бағыт­та танымдық сипаты мол жоба­ларды іске асыруды әлі де жалғастыра бер­­мек­піз. Алдағы уақытта ғалымдардың көме­гі­мен өңірдің жекелеген ауданда­рының энциклопедияларын шығару жос­парда тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста