ЕрТөстік Кунг-Фу Панда бола ала ма?

ЕрТөстік Кунг-Фу Панда бола ала ма?

«Қорқа-қорқа қоян да батыр болыпты» демекші, сынала-сынала қазақ киносына қимыл біткендей. Әсіресе өткен 2010 жылы күтпеген жағдай болды – билет сатылымымен есептегенде отандық киноның көрермені 20 миллионнан асып жығылыпты. Сенбеске лаж жоқ, егер бүгін аяғынан тік тұрып, табыс тапқан киномыз анимацияға «ағалық» жасап, дамуына қол ұшын созса. 13-15 маусым аралығында Алматыда алғаш рет «Ер Төстік» деген атпен өтіп жатқан І қазақстандық анимациялық фильмдер фестивалі – соның анық дәлелі.
Фестивальдің мақсаты – еліміздегі аз­дап тұралап қалған анимациялық фильм­дердің төңірегінде пікір түйістіру. Соның аясында үш күн бойына «Синема Тауэрс» ор­та­лығында және «Қазақфильм» кино­сту­диясында анимациялық фильмдердің көр­сетілімімен қатар, «Қазақ анима­ция­сының дамуы мен болашағы» деген тақы­рыпта дөңгелек үстел өтуде. Фестивальдің ашылу салтанатында еліміздегі ең бірінші толықметражды анимациялық туынды – «Ер Төстіктің» тұсаукесері болып, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Ермек Аманшаев, Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» АҚ президенті:
– Тәуелсіздік алған 1991 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстанда бірде-бір анимациялық фильм түсірілмепті. 2001 жылдан бастап бұл салада қоз­ға­лыс пайда болды. Содан бері жылына 4-5 қысқаметражды анимациялық фильм түсіріледі, яғни бұл «Қазақ­фильм­­нің» 1960-1980 жылдарындағы көр­сеткішімен тең. Соңғы жылдары біз ани­мациялық фильмдердің санын өсі­ріп, сапасын арттырумен қатар, жаңа тың әрі заман сұранысына сай мульт­фильмдер жасауға ден қойдық. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған ани­­мациялық студия құрып жатырмыз. Ол, әрине, небары бір-екі жылдың ен­ші­­сіндегі дүние емес, ол үшін көптеген жылдар керек. Осы тұста айта кетейін, бір қуанарлығы – фестивальге арнайы бюджет бөлінген жоқ, фестивальдің демеушісі – қазақ киносы. Қазақ кино­сы үшін бір кездері миллионыншы көрерменге жету деген қиял, ертегі секілді көрінсе, бүгінде ол көрсеткіштен әлдеқашан басып озыппыз. Соның нәти­жесінде қазір кино түсіруге қажет техникалар сатып алынып, сонымен қа­тар осындай фестивальдер ұйым­дас­тырылып жатыр. Барлығы бірдей болмаса да, кейбір киноларымыз мил­лиондаған көрермен жинайтын дәре­же­ге жеткендіктен, біз енді осы тәжірибені анимация саласын дамы­туға қолданып көруді ұйғардық.
Жақсы анимация жасауға не жетпейді?
Баспасөз өкілдері тарапынан бұл сұрақ отандық аниматорларға қойылды.
Жәкен Дәкенов, «Қазақфильм» АҚ анимация бірлестігінің жетекшісі:
 – Жақсы фильм жасау үшін, әрине, біріншіден, таланттар керек. Сапалы ма­мандардан құралған команда болса, балалар сүйіп көретін дүние туады. Бізде әзірге, әрине, Уолт Дис­нейді айтпағанда, тіпті Қытайдағыдай арнайы анимация қалашығы жоқ.
Ғали Мырзашев, Қазақстан аниматорлар қауымдастығының президенті:
– Біз қашан «бізде неге анау жоқ?», «қашан көреміз?» демей, «соған мен қандай үлес қоса аламын?» деп айтар екенбіз?Бала тәрбиесі – тек аниматор­лардың болмаса балабақша меңгеру­шісінің ғана емес, баршаның ісі. Сон­дықтан бала санасымен жұмыс істеуді неге бірігіп шешпейміз? Қазақ анима­циясында проблемалар аз емес, же­терлік. Бірақ «көш жүре түзелмей ме»? Бізде сол көшті түзеуге ынта-ықылас, маман, бәрі бар.Тек бізді құртатыны – әлгіндей бір-бірімізге сілтеу.
Бағамдап қарасақ, Төстіктен бөлек, жалпы, қазақ мультфильмінің тағ­дыры тек аниматорларға ғана байланысты емес, туынды жарыққа шығысымен оны жарнамалайтын кинотеатрларға, содан кейін бүкіл ел балақайларына таратуы тиіс телеарналарға байланысты. Ең соңында әр от басы ошақ қасындағы аналар мен әкелердің ұлттық сана-сезіміне байла­нысты дүние болып шығады екен. Әрине, ең алдымен салмақ мамандарға түседі. Себебі жақсы дүние, яғни бояуы қанық, тілі анық, жүрісі нық кейіпкер шығара ал­ған жағдайда ғана бала оны көреді. Тілі анық дегеннен шығады, шетелдік мульт­фильм­дердің ерекшелігі тек әдемі карти­на­сында ғана емес, олар әр кейіпкердің үніне қатты мән береді. Сол себепті кейінгі кезде Уилл Смит, Анжелина Джоли, Рикки Мартин секілді т.б. әлемдік киножұлдыз­дар аниме-кейіпкерлердің тілінде сөйлеп жүр. Осыны да қаперде ұстауымыз керек, бұл – бір. Ал одан бұрын, біз мықты ке­йіпкер яки бренд-бейне іздеуіміз керек.
Қазақ анимациясының бренд кейіпкеріне кім лайық?
Кейінгі кездері Ресей өз тарихына қатты үңіліп, тәуелсіздік көзімен жаңа тарихын жазуда. Олардың киноиндустриясы, көр­кем фильммен қатар, анимациясы да ұл­т­тық идеологияға жұмылдырылып жатқа­нын аңғару қиын емес. «Илья Муромец», «Три богатыря» т.б. секілді жаңа мульт­фильмдер – соның айғаңы. Таяу бола­шақта біздің қазақ аниматорлары да Ер Төстікті қазақ балаларының сүйікті кейіп­кері, анимация өнерінің бренді болады деп күтуде. Яғни Кунг-Фу Панда Қытайдың беткеұстар кейіпкеріне айналып, әлем балақайларының санасын қалай жау­­лап алса, енді Ер Төстік те сол қытайлық ке­йіпкердің ізін шайып кетеді деген үміт бар. Себебі ол сонау ертегі замандағы ежел­гі батыр емес, дәл бүгінгі заманның қа­һарманы, оның бойындағы бұла күш те ең соңғы техника, технологияның арнайы эффектілерімен бедерленген. Егер осы үміт ақталып, Төстік бренд кейіп­керге ай­налса, онда оның хикаялары жал­ға­сады, яғ­н­и аниме-сериал түсірілмек.

Керек дерек
2009 жылы отандық киноға сатылған билет саны 7,5 миллионды құраса, жыл сайын көрермен саны шамамен 500 мыңға өсіп отырған, ал 2010 жылы бұрын-соңды болмаған рекорд – қазақ киносының көрермені 20 миллионға жеткен. Соған сай кинотеатрлар саны да өсіпті. 2009 жылы елімізде 77 кинотеатр, 129 экран болса, өткен 2010 жылы экран саны 196-ға бірден көтерілді. Ал анимацияға келсек, Қытайда Пекиннен 30 минуттық қашықтықта арнайы анимациялық қалашық салынып, оның аяғынан тік тұруына 700 миллион доллар қаржы жұмсалған. Ал бізде әзірге еліміздің бар өңірін қосқанда шамамен 10-ға тарта анимациялық студия бар.

Тоқетерін айтсақ...
«АҚШ-тағы анимацияның орташа бюджеті 120 миллион доллар болса, Ресейде ол сома 3 миллионды құрайды. Ал қазақ аниме-қоржынына шамамен 1млн 500 мың доллар қаржы салыныпты. Айтарлықтай алшақтық бар, алайда әрқайсысының нарық аумағы, яғни қамтитын аудиториясына шаққанда, лайықты сома», – дейді «Қазақфильм» басшысы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста