Ескерткіш тұрғызуда ескерілетін жайт көп

Ескерткіш тұрғызуда ескерілетін жайт көп

Егемендікке қол жеткізіп, оңы мен солымызды тани бастаған соң, елін жаудан қорғаған батырларымызға, қазақ ұлтының болашағы үшін жанын қиған Алаш азаматтарына, елге, туған жерге еңбегі сіңген ардақты азаматтарға ескерткіш тұрғыза бастадық. Бұл – қуанарлық жағдай. Батыр бабалары мен асыл арыстарының рухына тағзым етіп, ардақтау – кейінгі ұрпақтың парызы. Алайда мамандар ескерткіш орнатуда көп жайдың ескерілмей отырғанына қынжылыс білдіреді.

Кеңгірбай би                                                             Ер Жәнібек                
Кеңес дәуірінде ескерткіш тұрғызу­дың өзіндік қағидалары болған. Ескерт­кіштің дәрежесіне қарай облыстық, рес­пуб­ли­ка­лық деңгейдегі комиссия құ­ры­лып, ес­керт­кіштің өлшемдері, қай жерге ор­наластыруы, басқа да ұсақ-түйек жайлары тү­гел­дей ескеріледі екен. Ал бүгінгі күнде ше?
Бүгінде ескерткіштің бағы тендерге тәуелді болып тұр. Егер тендерді өз ісінің нағыз маманы, ұлтжанды, елім деген азамат жеңіп алса, онда ескерткіштің бағы жанды дей беріңіз. Ал егер тапсырыс тамыр-таныс арқылы ортаңқол маманның қолына түссе, онда ескерткіштің есесі кетті демей көріңіз. Мұндай жағдайда тапсырыс берушіні де, тапсырыс алушыны да жұмыстың жақсы жасалуы емес, қаржыны үнемдеу жағы көбірек ойландырады. Салдарынан ескерткіштің ені де, бойы да қысқартуға ұшырайды. Ал орнату кезінде ескерткіштің беті шығысқа немесе оңтүс­тікке қаратылып, көрнекі жерге орнатылуы ескеріле бермейді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін бір-екі мысал келтірейік. Семей қаласының теміржол вок­залы алдына елін жаудан қорғаған батыр бабамыз Қобыланды батырға ескерткіш орнатылған. Тарихтан білетініміз — Қоб­ланды талай шайқаста жекпе-жекке шы­ғып, жауын жер жастандырған, алып тұл­ғалы батыр болған. Батырдың ірілігі сонша — оны кез келген ат көтере алмайды ек­ен. Сондықтан ол өзінің қазанатын ғана ер қанаты етеді екен.
Ол ескерткішті көрген адам бұл Қобыланды батыр бейнесі дей алмайды. Өйткені ат үстінде отырған адамның сырт киімін ескермегенде, тұлғасы батырдан гөрі қатардағы сарбазды елестетеді, ал астындағы аты қазанаттан гөрі арабтардікіне ұқсайды.
Молдабек ЖАНБОЛАТОВ, этнограф, шежіреші:
– Ескерткіштің дұрыс сомдалуымен қатар, оның қай жерге орнатылуы да маңызды. Мысалы, Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішін демалыс бағына орнатты. Ол жерде кешке жастар жиналып, арақ ішіп, жынойнақ жасайды. Бұл қазақтың ұлы перзентінің рухына қиянат емес пе? Бұл ескерткіштің лайықты орны Шәкәрім көшесінің бойы болатын. Осы жайлы қала әкімдігіндегі азаматтарға ұсыныс айтқанбыз. Алайда ондағылар «ол жер — жеке азаматтың еншісінде. Ол жерді сатып алуға ескерт­кішті жасағаннан екі есе көп қаржы қажет. Ондай қаржы бізде жоқ» дегеннен әріге бармады. Құлық болса, шешілмейтін мәселе бар ма? Мәселе  — мұның саяси-әлеуметтік мәнін жете ұғатын ұлтжанды жанның болмауынан туындап отыр.
Тілге тиек болар тағы бір тас мүсін – ШҚО Абай ауданына қарасты Би ата ауылында Кеңгірбай биге қойылған ескерткіш. Бұл ескерткіштен қанша іздесеңіз де, бидің бейнесін таба алмайсыз. Бейне бір суықта тоңып, мойнын ішіне жасырған шопанға ұқсайтын тәрізді. Алдында отырған мақұ­лықты не ит, не бөрі деуге келмейді. Дәл ескі дәуірдегі Египет фараондарымен қоса бейнеленетін итке ұқсас мақұлықтан аумайды. Оған қоса, неге екенін қайдам, ес­керткіштің жүзін солтүстік-батысқа қаратып орнатыпты. Сондықтан тәуліктің қай мезгілі болсын ескерткіштегі бейненің бетіне көлеңке түсіп, күңгірттеніп тұрады.
Ескерткішті де руға бөлетін болдық па?
Батыр бабаларының рухын ұлықтаған ұрпақтың ісіне қалай ғана риза көңілмен қарамасқа. Алайда ескерткішті «сенің атаң, менің атам» деп бөліске салғанын естігенде, «қайран, қазағым-ай!» демеске амал жоқ. Осындай кездерде қазақтың рулық салтын рушылдыққа айналдырып, теріс пиғыл танытатындарға не айтуға болады? Бұл әңгімеге арқау болып отырған — ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылынан 15 шақырым жерде бой көтерген, Жәнібек батырға қойылған ескерткіш. «Мемориал­дық кешеннің жалпы биіктігі 47 метр. Қо­ладан соғылған, қолына қылыш, қалқан ұстаған батыр бейнесінің биіктігі үш метрден асады. Алдында қоладан соғылған екі бөрі отыр. Осындай ескерткішке лайықты орын табылмағаны қынжылтады», – дейді тарихшы М.Мұхамадиев.
Мұхамедқазы МҰХАМАДИЕВ, тарихшы, этнограф:
– Тарихта керей руынан шыққан Жәнібек батырдың ерлігі жайлы аз айтылмайды. Алайда ол керейдің жерін емес, қазақтың жерін, қазақ елін сырт­қы жаудан қорғағанын ұмытпауы­мыз керек. Ең алдымен, Жәнібек — қазақ, содан кейін ғана — керей. Ол — қазақ­тың батыры. Жәнібек батыр осы жерде жау­мен шайқасқан, осы жерде қаза тауып, осы жерге жерленген. Сондықтан ескерткіш осы аудан орталығына орнатылуы тиіс еді. Жергілікті билік өкілдері «аудан орталығына орнатуға жоғары жақтың рұқсаты керек» дегенді алға тартып, ескерткішті ауылдан шалғай жатқан батыр бейітінің басына орнатуға шешім шығарды. Тіпті «ол — керейдің баты­ры, ескерткішін керейдің жеріне ор­натсын» деген қаңқу сөздерді де естідік. Шындығында, бұл ескерткішті ауыл орталығына емес, Семей қаласы­ның қақ ортасына қойса да, ешкімнің есесі кетпес еді. Тіпті мұндай ескерткіш облыс орталығында тұруға да лайық деп бі­ле­мін. Ал ертеңгі күні қоладан соғылған мүсінді түсті металға тапсыру үшін ұр­лап кетсе, бұл елдігімізге сын болмай ма? Мен жергілікті билікке аудан орта­лығындағы көшелердің бірін немесе мектепке Жәнібек батырдың атын берейік деген ұсынысты талай айттым. Әйтсе де әртүрлі сылтаумен бұл ұсыныс қабыл болмай-ақ келеді.

Аңыз
Жетім қалған Жәнібекті Қаз дауысты Қазыбек би өз тәрбиесіне алады. Сол кездері қазақ даласына қайта-қайта жау шауып, қиян-кескі шайқастар болып тұрады. Ол кезде Жәнібек 15 жаста екен. Ел іргесін жау шауып жатқанда тыныш жата алмаған бала батыр жауға қарсы ұрысқа баруды ұйғарады. Бірақ Қазыбек би жас баланы жаумен шайқасқа жібере алмайтынын айтады. Бала бидің бұл шешіміне наразы болған Жәнібек ауыл сыртына кетеді. Арада аз уақыт өткенде Қазыбек би соңынан барып, сырттай бақылайды. Қараса, Жәнібек батыр ұйықтап жатады, қасында екі бөрі ойқастап, батырдың үстінен әрі-бері секіріп, ойнақтап жүр екен. Бұл құбылыстың тегін еместігін Қазыбек би бірден ұғады. Сонан соң Жәнібектің шайқасқа қатысуына рұқсат етіп, батасын берген екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста